Жаңалықтар тізбегі
0

Отандық әуе компанияларға Ауғанстанның үстінен ұшуға тыйым салынды

pixabay.com, сурет - Zakon.kz жаңалық 19.08.2021 04:54 pixabay.com
Ауғанстандағы жағдай тұрақтанғанша екені де ескертілді.

Қазақстандық әуекомпанияларға Ауғанстан аумағы арқылы ұшуға тыйым салынды. Бұл туралы "Қазақстанның авиациялық әкімшілігі" АҚ ақпарат таратты, деп хабарлайды zakon.kz.

"Қазақстанның авиациялық әкімшілігі" АҚ отандық авиакомпанияларға тиесілі азаматтық әуе кемелерінің Ауғанстанның әуе кеңістігін пайдаланудағы қауіп-қатері мен тәуекелдерді басқару бойынша бағалау жүргізді. Нәтижесінде Ауғанстан аумағына және оның әуе кеңістігінде ұшу кезінде жолаушылар мен ұшақтардың қауіпсіздігіне әсер ететін қауіптер мен тәуекелдер бар деп шешім шығарылды, - дейді "ҚАӘ" АҚ баспасөз қызметі.

Бағалау нәтижелері бойынша 16 тамызда "Қазақстанның авиация әкімшілігі" АҚ Ауғанстандағы жағдай тұрақтанғанша тұрақты, жүк және чартерлік әуе тасымалдарын жүзеге асыратын Қазақстан әуе компанияларына әуе кемелерінің бұл аумаққа барлық ұшуларына тыйым салу туралы тиісті нұсқауларды (радиограммалар) жіберді. Дәл осындай нұсқаулық "Қазаэронавигация" РМК-ға да жолданды, - дейді "ҚАӘ" АҚ баспасөз қызметі.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: