Жаңалықтар тізбегі
0

Қазақстанда қалғымыз келеді – ауған студенттері пана сұрады

видеодан кадр, сурет - Zakon.kz жаңалық 19.08.2021 16:07 видеодан кадр
Қалай десек те, қазақтың режимі тәлібтердің режимінен тыныш екені рас.

Елімізге білім алуға келген ауғанстандық студенттер оқ пен оттың арасына баруға қауіптенуде. Бірнеше күннен бері ондағы туыстарымен мүлде байланысқа шыға алмай жатқан жастар үкіметтен пана сұрап отыр. "Оқуға жібергенде мүлде басқа Ауғанстан" еді дегендер, билікке келген тәліптердің қатаң режимінен қорқуда, деп хабарлайды zakon.kz "Еуразия" бірінші арнасына сілтеме жасап.

2016 жылы Ауғанстаннан Алматыға білім алуға келген Барно Каргар дәл қазіргі уақытта үйіне оралғысы келмейді. Биыл университетті тәмамдап отанына қайтуы тиіс. Алайда, тәліптер билікке келгендіктен онда тышынтық жоқ деп отыр. Тіпті, шет елде оқып келген қыздарға күн көрсетпейді, дейді.

Барно Каргар, студент:

Тек қана маған жаман емес, Ауғанстанға кету. Барлық студенттерге қазір жаман болып жатыр. Тәліптер шет елде оқып жүрген қыздар десе оларға өте жаман болады. 3-4 күн болды отбасымнан да хабарым жоқ. Оларға жазамын, хабарласамын оларда интернет жоқ қазір. Ауғанстанға кетейін десем қай жаққа барамын. Нақты білмеймін отбасым қай жақта жүр.

Осылайша елімізге білім іздеп келген студенттер үрей үстінде жүр. Ғаламтор арқылы болып жатқан оқиғаны естіп, көргендер үкіметтен пана сұрауда. Бірнеше жыл бұрын біз кеткенде Ауғанстандағы ахуал басқа еді, барлығы жақсы болған, дейді. Ал, қазір оқ пен оттың арасына бірақ барамыз деп қауіптенуде.

Абдул Басит Мусадих, менеджер:

Қазіргі Ауғанстанда болып жатқан оқиғадан кейін осында біржола қалуды көздеп отырмын. Өзімнің ашқан кәсібімді дөңгелетсем деймін. Қазір мен менеджер болып жұмыс істеймін. Егер ісім алға басса Ауған халқына көмектесіп, отбасымды тұтастай осында көшіріп алғым келеді. Ол жақтағылар да бейбіт өмір сүруге құқылы.

Ал, "Ариана" ауған орталығының төрағасы телефонының бірнеше күннен бері тыным таппай жатқанын айтады. Отанынан келген үрейлі жаңалықтан басқа осындағы студенттер де Қазақстанда қалғысы келіп. пана сұрап отыр екен.

Васток Ахмадулла, "Ариана" ауған орталығының төрағасы:

Олар осында білім алды. Енді Ауғанстанға қайтса Талибан террористік тобының пышағының астына түседі. Қазіргі уақытта Қазақстан шекарасында өмір сүріп жатқан студенттер уақытша пана беруді сұрап отыр.

Қазір ауғанстандық студенттер құжат жинап осында қалудың амалын қарастыруда. Барлығы осы жерден уақытша пана берсе, дейді.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: