"Алтын белгі" төсбелгісіне қатысты талаптар күшейтілетін болады
ҚР БҒМ
"Алтын белгі" - мектеп бітірушілерге үздік оқығаны үшін берілетін төсбелгі.
Қазақстанда "Алтын белгі" төсбелгісіне қатысты талаптар күшейтілетін болады. Бұл туралы ҚР Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов мәлімдеді, деп хабарлайды zakon.kz тілшісі.
Келесі жылдан бастап "Алтын белгі" төсбелгісін қорғауға қойылатын талаптар күшейтіледі. Біз оларды жыл сайын кезең-кезеңмен қарастырамыз. Өткен жылы біз мәселе көтеріп (қатайту туралы - ред.), кейбір өзгерістер енгіздік. Биылғы жыл - екінші кезең болып табылады, бұл реттегі өзгеріске сай, тек жыл соңында ғана емес, сонымен қатар әр тоқсанында да 5 -тен 11-ге дейінгі оқу жылында барлық пәннен алған бағасы таза бес болуы тиіс. Бұл өте маңызды талап деп ойлаймын, - деді Білім министрі мұғалімдердің республикалық тамыз конференциясында.
"Алтын белгі" - мектеп бітірушілерге үздік оқығаны үшін берілетін төсбелгі.
Бұрын оның иегерлері білім гранты бойынша жеңілдіктерге ие болған. 2018 жылдан бастап бұл ереженің күші жойылды, енді барлық түлектердің мүмкіндіктері тең.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript