Жаңалықтар тізбегі
0

Конференция лигасы: "Шахтер" жеңіліп, "Қайрат" жеңді

aladop.kz, сурет - Zakon.kz жаңалық 20.08.2021 15:24 aladop.kz
"Қайрат" "Фола" командасын сенімді түрде жеңді.

Қарағандылық "Шахтер" Конференция лигасының плей-офф кезеңінде "Маккаби Тель-Авив" клубымен кездесті. Матч "Астана Арена" стадионында өтіп, 1:2 есебімен израильдік клубтың пайдасына шешілді, деп хабарлайды zakon.kz Аладопқа сілтеме жасап.

Ойынның алғашқы таймында гол соғылған жоқ. Ал 72-минутта алаңға шыққан Идрис Умаев бір минут өткеннен кейін есеп ашты. Голдық пасты Ескендір Қыбырай өз атына жазды. Бірақ бұл қуанышымыз көрке созылмады. Екі минуттан кейін Ави Рикан таразы басын теңестірді. 77-минутта Эден Шамир ауттан асырылған пасты басымен қақпаға дәл бағыттап, командасына жеңіс сыйлады.

Сонымен, жауапты матч 26 тамыз күні Израильдегі "Блумфилд" стадионында өтеді.

Ал Алматылық "Қайрат" Конференция лигасының плей-офф кезеңіндегі алғашқы матчта "Фола" командасын сенімді түрде жеңді. Люксембургтегі "Жози Бартель" стадионында өткен матч 1:4 есебімен аяқталды.

Ойырдағы алғашқы голды алаң иелері соқты. Босниялық футболшы Мирза Мустафич 18-минутта мергендігімен көзге түсті. Бірақ 28-минутта Артур Шушеначев Вагнер Лавтың пасынан кейін таразы басын тең қылды. 37-минутта керісінше, Вагнер Лав Артурдан пас алып, командасын алға шығарды. Алты минуттан кейін Рикарду Алвештің айып алаңының сыртынан бағыттаған соққысы қақпа торында тулады. Ойынның нүктесін 69-минутта Вагнер Лав қойды. Оның пенальтиден тепкен добын қақпашы қайтармақ түгілі, доптың ұшу бағытын дәл таба алмады.

Айта кетейік, жауапты матч 26 тамыз күні Алматыдағы Орталық стадионда өтеді.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: