Жаңалықтар тізбегі
0

Бөлке наннан шыққан шу. Тараз тұрғыны наубайханашылардың қулығын әшкереледі

24kz, сурет - Zakon.kz жаңалық 20.08.2021 17:46 24kz
Тараз тұрғыны ас атасының өлшемі әртүрлі болғандықтан, бағасы да соған сәйкес болуы тиіс деп есептейді. Яғни, бір бөлкеге 90 теңге деп бекітілген бағаны өнімнің жеңілдігіне қарай арзандату керек деген пікірде.

Наубайханашылардың қулығын әшкерледім деген Тараз тұрғыны Фатима Еркебекованың сөзінше, әлеуемттік нан салмағына жеткізілмей сатып жатыр екен. Бұған дүкен-дүкенді аралап, дәлел де келтірген. Бірақ оның мұнысынан түк шықпады, деп хабарлайды zakon.kz КТК-ға сілтеме жасап.

Құрбысын ертіп алған Фатима Еркебекова ерінбей әр дүкенді аралап, әлеуметтік нанды таразыға тартып көрген. Сөйтсе ешбірінің салмағы 600 грамға жетпеген. Бұған наразылық білдірген тұрғын нәубайханашылар жұртты алдап отыр деп санайды. Ол ас атасының өлшемі әр түрлі болғандықтан, бағасы да соған сәйкес болуы тиіс деп есептейді. Яғни, бір бөлкеге 90 теңге деп бекітілген бағаны өнімнің жеңілдігіне қарай арзандату керек деген пікірде. Ал, ауылшаруашылығы басқармасының өкілдері наубайшылар тұрғындарды алдаған жоқ дейді. Өйткені талап бойынша олар әлеуметтік нанды 300 бен 600 гарамм аралығында пісіріп сатуға құқылы көрінеді. Сондықтан наразылық білдірген тұрғын тұтынушылар құқығын қорғау департаментіне шағымданса да, бұл іс қарауға жатпайды екен.

Марас Сейдібаев, Жамбыл облыстық ауылшаруашылығы басқармасының бөлім басшысы:

Бұл жерде заңсыз әрекет жасады дегенге негіз жоқ. Шағымданған жағдайдың өзінде 600 деп жариялап, одан төмен сатылған жағдай болса, әрине ол кезде қаралуы тиіс. 500 бен 550 грамм Қазақстан бойынша нанның салмағы.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: