Жаңалықтар тізбегі
0

Ауғанстандағы Қазақстан елшілігін "Талибан" күзетеді - СІМ

pixabay.com, сурет - Zakon.kz жаңалық 20.08.2021 22:04 pixabay.com
Кабулдағы біздің елшіліктің хабарлауынша, тәліптердің бір бөлігі келген бетте біздің елшілік орналасқан аймаққа кірген.

Сыртқы істер министрінің орынбасары Ақан Рахметуллин "Талибан" (Қазақстанда тыйым салынған ұйым) Қазақстанның Ауғанстандағы елшілігін күзететінін айтты, деп хабарлайды zakon.kz.

Кабулдағы біздің елшіліктің хабарлауынша, тәліптердің бір бөлігі келген бетте біздің елшілік орналасқан аймаққа кірген. Елші көшеге шыққан, көшеде полиция да, күзет те болмаған. Бір тәліп жақындап келіп одан: "Сен кімсің, қандай елшіліктесің?" деп сұраған. Бұл Қазақстанның елшілігі екенін айтыпты. Олар: "Ештеңеден қорықпаңдар, қалай жұмыс істеп жатырсыңдар, солай жұмыстарыңды істей беріңдер, сендер біздің қорғауымыздасыңдар" депті. Содан бері олар біздің елшілікті күзетуде. Әзірге тек осы деңгейде ғана байланыс болды, - деп түсіндірді Рахметуллин.

Алдында ҚР СІМ Қазақстанның бұл елдегі жағдайды мұқият қадағалап отырғанын, БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің инклюзивті және өкілдік үкімет құру, ұлттық азшылықтар мен әйелдердің құқықтарын құрметтеу, басқа мемлекеттерге қауіп төндіретін топтардың болуына жол бермеу, халықаралық құқықты сақтау туралы мәлімдемесін қолдайтынын айтқан.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: