Тоқаев Путинмен аймақтық қауіпсіздік мәселелерін талқылайды
facebook.com/Берік Уәли
Екі ел басшылары Еуразия кеңістігіндегі өңірлік қауіпсіздік және интеграциялық үдерістер мәселелері бойынша пікір алмасады.
Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев ертең - 21 тамызда жұмыс сапарымен Ресейге барады, деп хабарлайды zakon.kz.
Ертең, 21 тамызда Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ресей Федерациясына жұмыс сапарымен барады. Сапар барысында Президент Владимир Путинмен кездесу жоспарланған. Екі ел басшылары Еуразия кеңістігіндегі өңірлік қауіпсіздік және интеграциялық үдерістер мәселелері бойынша пікір алмасады, деп жазды ҚР Президентінің ресми өкілі Берік Уәли Facebook-те.
Сондай-ақ, нақтыланып өткендей, Қазақстан мен Ресей арасындағы екіжақты ынтымақтастық пен стратегиялық әріптестіктің өзекті мәселелері талқыланады.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript