Жаңалықтар тізбегі
0

Нұр-Сұлтанның көшелері циркке айналып барады

видеодан кадр видеодан кадр
Әуелі еріккен адамның ермегі деп қараушы едік.

Бас қала циркке айналып барады. Соңғы кездері әлеуметтік желінің қолданушылары көрген-білгенін саралап, Нұр-Сұлтанға осындай баға беріп жатыр. Өйткені, карантинде елдің іші пысты ма, кім білсін, көшеде көрмейтін нәрсеміз аз қалмады.

Жұрт жерден жік шығарып жол үстінде билей жөнелсе, енді түлен түрткен жартысы тыңнан түрен салып, жұртты шошытады. Әуелі еріккен адамның ермегі деп қараушы едік, енді оларға автобус жүргізушілері қосылып кеткен бе? Қысқасы, қоғамдық көліктің неге кешігетіні белгілі болды. Бұл туралы "Еуразия" бірінші арнасы хабарлайды.

Жүргізушінің де түр-түрі бар. Бірі қатал, бірақ жұмысына адал, бірінің әр сөзі ұрыс, өзгесі желіде жаңа жұлдыз. Қарағандылық Айдос есімді жігіт бағдаршамның қызыл түсінде де, қоғамдық көліктің үстінде де тренд түсіріп, әп-сәтте желі жұлдызына айналған.

Ісі несі айып дерсіз, жай ғана көптің көңілін көтеріп жүр.

Елордалық Аида есімді ару жол жиегінде би билеуді әдетке айналдырған. Студент қыздың ермегі желіде көп талқыланған тақырып болды.

Бұрымды қаланың ірі көшелерінде бір айдан бері күніне бірнеше сағаттан билеп жүр. Шықпаса, елдер кәдімгідей іздейтін болып қалған.

Арудың негізгі мақсаты да көптің көңілін көтеру екен. Алайда жастар биіне жымиып жауап қатса, үлкендер қимылдарына үрке қарайтындарын жасырмады.

Өзімде де қыз бар. Мені қызым былай билеп тұрса, мен оны қабылдай алмас едім.

Жат қылық деп Аиданы жұдырық астына алғандар да табылды. Бұрымдыны осыдан бірер күн бұрын әлдекімдер ұрып-соғып кеткен. Одан соң, көңілді бикештің билері әзірге тоқтап қалды. Әрине, қос кейіпкеріміздің ермегін даттаудан да, жақтаудан да аулақпыз. Бірақ, өзгеге жақсы көңіл-күй сыйлаудың несі айып?

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: