Жаңалықтар тізбегі
0

Мамин Кәсіпкерлік мәселелері жөніндегі жобалық кеңсе отырысын өткізді

primeminister.kz, сурет - Zakon.kz жаңалық 23.08.2021 23:29 primeminister.kz
Қажетті өзгерістерге талдау жүргізу, сондай-ақ тиісті тәсілдер мен критерийлерді дайындау тапсырылды.

ҚР Премьер-Министрі Асқар Мамин Кәсіпкерлік мәселелері жөніндегі жобалық кеңсе отырысын өткізді, деп хабарлайды zakon.kz primeminister.kz-ке сілтеме жасап..

Жеңілдікті несие беру бағдарламалары мониторингінің нәтижелері, мемлекеттік қолдаудың қосымша шараларын әзірлеу бойынша бизнеске жүргізілген сауалнаманың аралық қорытындылары, "Ashyq" жобасын іске асыру, микроқаржы ұйымдары мен өңірлердің экономикалық картасы мәселелері, мемлекеттік сатып алулардағы, "Самұрық-Қазына" ҰӘҚ" АҚ-ның және жер қойнауын пайдаланушылардың сатып алуларындағы жергілікті қамту мәселелері қаралды.

БЖК-2025 бағдарламасын іске асырудың оң қарқыны байқалады. Осы жылдың қаңтар-шілде айларында 408,3 млрд теңге сомасына шамамен 14 мың жоба субсидияланды, субсидиялардың жалпы сомасы 47,7 млрд теңгені құрады. Сонымен қатар "Даму" қоры 170,2 млрд теңге сомасына 10,9 мың жобаға кепілдік берді, кепілдіктердің жалпы сомасы 87,4 млрд теңгені құрайды.

Субсидиялау құралының негізгі тұтынушылары – шағын және орта бизнес, бұл жобалар саны бойынша 99%-ды және жобалар сомасы бойынша 90%-ды құрайды. Кепілдіктердің негізгі тұтынушылары – сауда және өңдеу өнеркәсібі салаларының кәсіпорындары, бұл қол қойылған кепілдіктердің жалпы санының 60%-ын және олардың жалпы сомасының 50%-ын құрайды.

"Қарапайым заттар экономикасы" жеңілдетілген несиелеу бағдарламасы бойынша 774 млрд теңге сомасына 2996 жоба мақұлданды, 666 млрд теңге сомасына 2441 жоба субсидияланды.

Бүгінгі таңда Қазақстанда "Бастау Бизнес" жобасының түлектеріне несие беру үшін 15 микроқаржы ұйымы (МҚҰ) құрылды. Өтінімдерді қабылдау осы жылдың 15 шілдесінде басталды, осы уақытқа дейін шамамен 1,6 мың жаңа жұмыс орнын құрумен, жалпы сомасы 4,58 млрд теңгеге 797 жоба бойынша өтінімдер қабылданды. Басым бағыттар бойынша мал шаруашылығы, нан-тоқаш және кондитерлік өнімдер өндірісі, сауда саласындағы жобалар көш бастап тұр. Ең көп өтінім Қарағанды (120), Жамбыл (100) және Шығыс Қазақстан (83) облыстарында берілді.

, сурет - Zakon.kz жаңалық 23.08.2021 23:29

Жобаның әлеуметтік және экономикалық маңыздылығын ескере отырып, Премьер-Министр бөлінген қаражатты соңғы қарыз алушыларға тиімді жеткізу мәселесін қысқа мерзімде пысықтауды тапсырды.

Отырыс барысында "Ashyq" жобасын одан әрі дамыту мәселелеріне ерекше назар аударылды. Қазіргі уақытта оған қатысушылардың саны 111 мыңнан асады. Олардың жартысынан көбі сауда, тамақтану және білім беру салаларында қызмет көрсетеді. Карантин талаптарын бұзушыларды анықтау жобаға қатысушылардың санын арттыру есебінен 15 есе өсті. Бизнес субъектілерін қамтуды одан әрі ұлғайту мақсатында "Ashyq"-қа қатысуға өтінім беру және QR-код алу тәртібі жеңілдетілді.

Үкімет басшысы Денсаулық сақтау министрлігіне "Атамекен" ҰКП-мен бірлесіп "Ashyq" жобасына қатысушыларға демалыс күндері жұмыс істеуге мүмкіндік беру мәселесін пысықтауды тапсырды.

"Атамекен" ҰКП-ға орталық мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп, бизнесті Мемлекеттік қолдау шараларын алушылардың бірыңғай тізілімін қалыптастыру үшін заңнамаға енгізілетін қажетті өзгерістерге талдау жүргізу, сондай-ақ тиісті тәсілдер мен критерийлерді дайындау тапсырылды.

"Өңірлердің экономикалық картасы негізінде Мемлекеттік қолдау шараларын алушылардың бірыңғай тізілімін құру бизнесті қолдау шараларының барлық спектрінің тиімділігіне мониторинг жүргізу және талдау сапасын арттыруға мүмкіндік береді", – деді А. Мамин.

Отырыс барысында "Атамекен" ҰКП басқарма төрағасы Абылай Мырзахметов ең көп зардап шеккен салалардың қазіргі жағдайы және экономиканың өндірістік секторларын дамыту перспективалары бойынша Қазақстанның 10 мыңнан астам кәсіпкерлеріне жүргізілген сауалнаманың аралық қорытындысын ұсынды.

Үкімет басшысы "Атамекен" ҰКП жүргізген сауалнаманың түпкілікті қорытындысын егжей-тегжейлі зерделеуді және бизнесті одан әрі қолдау бойынша қосымша шаралар дайындауды тапсырды.

Орталық мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдарға, сондай-ақ квазимемлекеттік ұйымдарға реттелетін сатып алулардағы жергілікті қамтуды бақылауды қамтамасыз ету, отандық өндірушілердің мемлекеттік сатып алуға қолжетімділігін одан әрі қамтамасыз ету жөнінде шаралар қабылдау тапсырылды.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: