Алматы тұрғыны жол апатын қолдан ұйымдастырып, 20 млн тапты
kolesa.kz
Ол сақтандыру компаниясын бірде жәбірленуші, бірде кінәлі болып алдаған.
Жақында Алмалы аудандық соты 33 жастағы М. У. Түменбаевқа қатысты үкім шығарды, деп хабарлайды zakon.kz kolesa.kz-ке сілтеме жасап.
Алматы қалалық ПД басшысының тергеу ісі жөніндегі орынбасары Рустам Әбдірахманов Facebook парақшасында хабарлағандай, сотталушы 2019 жылы қаңтардан 2020 жылы желтоқсанға дейін қылмыстық жоспар құрып, жол апаты кезіндегі сақтандыру шартына сай Алматыдағы сақтандыру компанияларынан заңсыз ақша алған.
Тергеушілер Түменбаевтың екі жылда сегіз жасанды жол апатын ұйымдастырғанын анықтады. Ол кейде жәбірленуші, кейде кінәлі жүргізуші ретінде көрініп, заңсыз 20 000 000 теңге өндіріп алған.
Айыпталушы тергеу барысында ақшаны сақтандырушыларға қайтарып берді. Бірақ ісі сотқа өтіп, Қылмыстық кодекстің 190-бабы 3-бөлігінің 1 және 4-тармағына сай (бірнеше рет жасалған ірі көлемдегі алаяқтық) жауапқа тартылды. ПД басшысының орынбасары алаяқ нақты қанша уақытқа сотталғанын айтқан жоқ. Бірақ Қылмыстық кодекстің аталған бабы бойынша мүлкi тәркiленіп, 3 жылдан 7 жылға дейінгі мерзiмге бас бостандығын шектеу не сол мерзiмге бас бостандығынан айыру жазасы көзделген.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript