Жаңалықтар тізбегі
0

Тоқтар Әубәкіров коронавирус жұқтырып алды

qazaqstan.tv qazaqstan.tv
Тоқтар Әубәкіров вакцина алған (екінші компонент 17 сәуірде салынған).

Қазақстанның тұңғыш ғарышкері Тоқтар Әубәкіров коронавирус жұқтырды, деп хабарлайды zakon.kz.

Тоқтар Әубәкіров дәрігерге 21 тамызда қаралуға келіп, жөтеліп тұрғанын, тер басып, бойында жалпы әлсіздік барына шағымданған. Үйге жедел жәрдем бригадасы жіберілді. Тексергенде жалпы жағдайы тұрақты, сатурация - 95%, дене температурасы - 36,6 әрі одан ПТР-тест алынды, - дейді ҚР Президенті істері басқармасы медициналық орталығы ауруханасының директоры, профессор Валерий Бенберин.

ПТР-тест нәтижесі КВИ диагнозын растады. ПТР-тестінің нәтижесіне қарай науқасқа қосымша дәрі-дәрмек пен кеңестер ұсынылды.

Әубәкіровтің айтуынша, оның ауырып жатқанына алтыншы күн. Ол Сумамед дәрісін өз бетімен қабылдап, ауруханаға бармаған.

2 тамызда аурухананың мобильді тобы үйде тест алды, кеуде тұсына компьютерлік томография жасады. Зертханалық аспаптық-зерттеулердің нәтижелері бойынша ол елорданың қалалық жұқпалы аурулар орталығына жатқызылуға жіберілді, - деді Банберин.

Тоқтар Әубәкіров ауруханаға жатудан бас тартты.

24 тамызда таңертең науқаспен әңгіме жүргізілген соң ол Нұр-Сұлтан қалалық жұқпалы аурулар ауруханасына орташа COVID-19 диагнозымен жатқызылды. Екі жақты полисегментальды пневмония - КT-1, - деді ол.

Тоқтар Әубәкіров вакцина алған (екінші компонент 17 сәуірде салынған).

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: