Жаңалықтар тізбегі
0

Қазақстанда карантиндік шаралар жұмсартылады

zakon.kz, сурет - Zakon.kz жаңалық 25.08.2021 15:58 zakon.kz
Премьер-министрдің тапсырмасы бойынша эпидемиологиялық жағдайдың тұрақтануына байланысты ВАК карантиндік режимді жеңілдетуге қатысты бірқатар шешімді мақұлдады.

ҚР Премьер-министрінің орынбасары Ералы Тоғжановтың төрағалығымен ҚР аумағында коронавирус инфекциясының таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссия (ВАК) отырысы өтті, деп хабарлайды zakon.kz.

Премьер-министрдің тапсырмасы бойынша эпидемиологиялық жағдайдың тұрақтануына байланысты ВАК карантиндік режимді жеңілдетуге қатысты бірқатар шешімді мақұлдады.

2021 жылғы 28 тамыздан бастап:

"Ashyq" жобасына қатысатын барлық бизнес объектілеріне демалыс күндері сағат 24:00-ге дейін, "Ashyq" жобасының көшбасшыларына – "Ashyq" қосымшасы арқылы расталған қызметкерлер мен келушілердің "жасыл мәртебесі" (вакцина алғандар, 7 күннен кем емес теріс нәтижесі бар ПТР тестінің болуы) болған жағдайда сағат 02:00-ге дейін жұмыс істеуіне рұқсат;

сенбі күні – қоғамдық көлік қызметіне рұқсат беріледі.

30 тамыздан бастап жұмыс күндері:

"Ashyq" жобасына қатысатын барлық бизнес объектілерінің жұмыс уақыты 22:00-ден 24:00-ге дейін, "Ashyq" жобасы көшбасшыларының жұмыс уақыты 24:00-ден 02:00-ге дейін ұзартылды.

Бұл ретте эпидемиологиялық жағдайды ескере отырып, Алматы қаласында карантиндік шаралардың жеңілдетілуін демалыс күндеріне биылғы 4 қыркүйектен бастап, ал жұмыс күндеріне биылғы 6 қыркүйектен бастап енгізу жоспарлануда.

Сондай-ақ ВАК-та жаңа оқу жылына дайындық мәселесі қаралды.

Премьер-министрдің орынбасары осы жылғы тамыз айының соңына дейін орындау үшін келесі тапсырмаларды берді:

- медициналық қарсы көрсетілімдері бар адамдарды қоспағанда, педагогтер мен техникалық персоналды вакциналауды аяқтау;

- санитариялық талаптарға сәйкес мектептердің толық дайындығын қамтамасыз ету;

- педагогтар, қызметкерлер және ата-аналар үшін барлық білім беру ұйымдарында "Ashyq" жүйесінің жұмысын қамтамасыз ету;

- білім беру ұйымдарын оқулықтармен, оқу-әдістемелік кешендермен 100% қамтамасыз ету бойынша шаралар қабылдау;

- мектептерде күрделі және ағымдағы жөндеу жұмыстарын аяқтау. ВАК отырысында Премьер-министрдің орынбасары басқа да бірқатар тапсырма берді.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: