Тоқаев Нәдір Нәдіровтің отбасы мен жақын туыстарына көңіл айтты

cagrimerkezler.com, сурет - Zakon.kz жаңалық 25.08.2021 17:37 cagrimerkezler.com
Нәдір Кәрімұлының жарқын бейнесі ұмытылмай, есімі отандық ғылым тарихына алтын әріптермен жазылады - Президент.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев көрнекті ғалым Нәдір Нәдіровтің отбасы мен жақын туыстарына көңіл айтты, деп хабарлайды zakon.kz.

"Көрнекті ғалым, ҚР ҰҒА академигі, қоғам қайраткері Нәдір Нәдіровтың дүниеден өтуіне байланысты көңіл айтамын. Нәдір Нәдіров отандық мұнай химиясының негізін қалаушылардың бірі болып, Қазақстанның ғылыми-экономикалық әлеуетін арттыру жолында еңбек етті. Қоғамдық жұмыстарда да белсенді болып, еліміздегі ұлтаралық келісім мен татулықты нығайтуға зор үлес қосты. Нәдір Кәрімұлының жарқын бейнесі ұмытылмай, есімі отандық ғылым тарихына алтын әріптермен жазылады", – делінген Президенттің жеделхатында.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: