Алматының Алмалы ауданында бір күн суық су болмайды
Павел Михеев / zakon.kz
27 тамызда сағат 9-дан 20-ға дейін.
Алматының Алмалы ауданындағы бірқатар ғимараттар бір күнге суық судан ажыратылады, деп хабарлайды zakon.kz.
27 тамызда сағат 9-дан 20-ға дейін Алмалы ауданындағы Шәріпов – Қарасай батыр – Байзақов – Төле би көшелерінің контурында орналасқан тұрғын үйлер мен басқа да ғимараттарға суық су беру тоқтатылады.
Суық суды уақытша тоқтата тұру – магистральдық желілерге жаңа су құбырларын қосу үшін қажет шара.
Су тоқтаған уақытта денсаулық сақтау, білім беру және әлеуметтік саланың басқа да ғимараттарына автоцистерналармен су жеткізу ұйымдастырылады.
Уақытша қолайсыздықтарға түсіністікпен қарауды сұраймыз, дейді «Алматы Су» ШЖҚ МКК.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript