Жаңалықтар тізбегі
0

Тоқаев Тараз бен жарылыс болған маңдағы ауыл тұрғындарына үндеу тастады

Ақорда, сурет - Zakon.kz жаңалық 27.08.2021 15:29 Ақорда
Таңертең облыс әкімі Бердібек Сапарбаев бұл жағдайдың толықтай бақылауға алынғанын хабарлады.

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Тараз қаласы мен оған жақын орналасқан ауылдардың тұрғындарына жарылысқа байланысты үндеу тастады, деп хабарлайды zakon.kz.

"Өрт салдарын жою жұмыстары жалғасып жатыр. Құтқарушылар, әскери қызметшілер,дәрігерлер және жұмылдырылған барлық адамдар белсенді жұмыс жасауда. Өкінішке қарай,зардап шеккендер саны артып келеді. Бірақ,жағдай бақылауда. Тараз қаласы мен ауыл тұрғындары сабырлы әрі сақ болуы керек", деп жазды Қасым-Жомарт Тоқаев Twitter-дегі парақшасында осы түнде.

Сондай-ақ Президент өрттің салдарын жою бойынша жедел штаб жұмыс істеп жатқанын, қылмыстық іс қозғалғанын жазды.

"Өрттің салдарын жою бойынша жедел штаб жұмыс істеп жатыр. Қылмыстық іс қозғалды. ҚМ, ТЖМ, ІІМ бөлімшелерінің қызметкерлері жұмылдырылды. Теміржол байланысы уақытша тоқтатылды", делінген Президенттің Twitter-дегі жазбасында.

Айта кетсек, Жамбыл облысы Байзақ ауданында орналасқан әскери бөлімі қоймаларының бірінде 26 тамызда сағат 19:00 шамасында өрт шықты. Өрттің салдарынан белгісіз заттар жарылды. Өртті сөндіруге шынжыр табанды өрт сөндіру көліктері тартылды.

Оқиға орнына министрдің орынбасары, генерал -лейтенант Руслан Шпекбаев бастаған Қорғаныс министрлігінің комиссиясы аттанды. Қорғаныс министрлігінің хабарлауынша, алты жарылыс болған. Зардап шеккендердің көбісі жарақаттанғандар, оның ішінде екеуінің жағдайы ауыр.

Жарылыстан Жамбыл облысы тұрғындары өз бетімен үйін тастап қашуға бел буған. Одан кейін жарылыс аумаққа жақын үйлердегі отбасыларды көшіру туралы шешім қабылданды."Алматы-Тараз" және "Тараз-Алматы" жолдары жабылды.

Таңертең облыс әкімі Бердібек Сапарбаев бұл жағдайдың толықтай бақылауға алынғанын хабарлады.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: