Мәжіліс депутаттары Жамбыл облысындағы қайғылы оқиғаға көңіл айтты

Ж.Жұмағұлов, сурет - Zakon.kz жаңалық 27.08.2021 21:25 Ж.Жұмағұлов
Жамбыл облысында орын алған қайғылы оқиға барша қазақстандықтардың қабырғасын қайыстырды.

Парламент Мәжілісінің басшылығы және депутаттары Жамбыл облысындағы оқ-дәрілер қоймасындағы жарылыстардан қаза тапқандардың отбасылары мен жақындарына көңіл айтып, зардап шеккендердің тезірек сауығып кетулеріне тілектестік білдірді, деп хабарлайды zakon.kz.

Жамбыл облысында орын алған қайғылы оқиға барша қазақстандықтардың қабырғасын қайыстырды. Әскери борышын өтеу жолында қайтыс болғандардың отбасына, туған-туыстарына барлық депутаттық корпус атынан көңіл айтамын, - деді Мәжіліс Төрағасы Нұрлан Нығматулин.

Сондай-ақ, Палата Спикері апат орын алған кезеңнен бастап, Мемлекет Басшысы өз бақылауына алғанын, оқиға орнында жедел штаб жұмыс істеп жатқанын айтып, зардап шеккендерге сабыр мен бекемділік тіледі.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: