Жаңалықтар тізбегі
0

Серпін бағдарламасы бәсеңдеп барады – Мәди Ахметов

Мәжілістің баспасөз қызметі, сурет - Zakon.kz жаңалық 01.09.2021 23:19 Мәжілістің баспасөз қызметі
Үлкен қарқынмен бастау алған еді.

Парламент Мәжілісінің депутаты, "Nur Otan" партиясы фракциясының мүшесі Мәди Ахметов жалпы отырыста "Серпін-2050" мемлекеттік бағдарламасына қатысты мәселе көтерді, деп хабарлайды zakon.kz.

Депутаттың айтуынша, "Nur Otan" партиясының "Өзгерістер жолы: әр азаматқа лайықты өмір" сайлауалды бағдарламасында жас мамандарды қолдауға, жаңа жұмыс орындарымен қамтамасыз етуге басымдық берілген.

Осы бағытта Елбасының тапсырмасына сәйкес 2014 жылдан бастап оңтүстік түлектерінің солтүстік аймақтарда тегін білім алуына және ішкі көші-қонды еттеуге, жұмыс күші тапшылығын азайтуға бағытталған "Серпін-2050" мемлекеттік бағдарламасы іске асуда.

Әлеуметтік жоба аясында кадрларды даярлау еліміздің 25 жоғарғы оқу орнының базасында жүргізілуде.

Осыдан 7 жыл бұрын үлкен қарқынмен бастау алған бағдарлама жыл өткен сайын бәсеңдеп, бітіруші түлектердің қызығушылығы төмендеуде.

Соңғы 6 жылда "Серпін-2050" бағдарламасын жүзеге асыруға мемлекеттік бюджет есебінен бөлінген 25,7 млрд. теңге қаржының жұмсалу тиімділігі ешқандай сын көтермейді. Уақытылы қаржыландыруға қарамастан тұрақты жұмыс, үй мәселесі әлі күнге дейін шешімін таппаған.

Ең өкініштісі, бағдарлама түлектерінің тек төрттен бір бөлігі білім алған аймақтарда тұрақталған. Мысалы, Павлодар қаласына 2018 жылы оқуға түскен студенттердің 70% оңтүстік аймаққа қайта оралған.

Аталған мәселе біздің фракция депутаттарымен Мәжіліс қабырғасында бірнеше рет көтерілді. Тіпті, бірінші сессияның жабылуында Білім және ғылым министріне нақты сауал жолданған болатын.

Әріптестерімнің сынынан кейін бағдарламаны жетілдіру үшін Министрлік жанынан құрылған жұмыс тобының бір ғана отырысы өткен, екі айда атқарылған іс осымен шектеліп тұр.

Осыдан он күн бұрын Солтүстікке барып, жағдайды бағамдап, "баяғы жартас, сол жартас" екенін, нақты нәтиженің жоқтығына көзім жетті.

"Серпін" бойынша Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан университетін биыл бітірген 237 түлектің тек 31-і ғана тұрақты жұмыспен қамтылған. Ал қалған 200-ден астам маман мемлекет қолдауынан тыс қалып отыр. Сонда келер жылы бітіретін 342 жас маманның тағдыры не болмақ? Бұл еңбек нарығындағы мамандар қажеттілігі мен кадр даярлау ісі арасында ешқандай байланыс жоқ екенінің айқын дәлелі.

Бағдарламаны жүзеге асыру бойынша бар жауапкершілік тек аймақтық ниверситеттердің мойнына жүктелген. ЖОО-ның негізгі миссиясы кадрды даярлап шығару. Жұмыспен қамту, қолайлы жағдай жасау жергілікті атқарушы биліктің міндеті.

Жоба жұмыссыздар санын азайтудың орнына орта жолдан оқуын тастап, туған өлкесіне оралған NEET санатындағы астардың санын көбейтуде.

Осының барлығын көре отырып, Білім және ғылым министрлігі ешқандай сараптама жүргізбестен 2021-2023 жылдарға бағдарламаны жүзеге асыруға бюджеттен 32,7 млрд. теңге жұмсауды қарастырып отыр. Егер жоба алдағы уақытта еш өзгеріссіз жүзеге асатын болса, бұл мемлекеттік қаржыны ауаға шашумен тең.

Жоғарыда баяндалған жайттардан кейін дабыл қағуға мәжбүрміз! Жалпы, йта-айта жауыр болған тақырыпқа нүкте қою керек. Бұл уақыт күттірмейтін, нақты шешімін табуы тиіс мәселе. Мыңдаған жастардың болашақ тағдырына немқұрайлы қарауға болмайды. Бұл еліміз үшін стратегиялық маңызы жоғары бағдарлама.

Егер жоба басы бар, аяғы жоқ бастамалар қатарына кірмесін десек, кеш болмай тұрғанда "Серпін-2050" мемлекеттік бағдарламасының болашағын йқындап, бағыт міндеттерін жүйелеп, жетілдіріп, іс жүзінде нәтиже беретін, жастарға қолайлы механизм жасақтау қажет.

Ол үшін нақты ұсыныстарымыз бар:

- Серпін" түлектеріне тек оқыған аймағында емес, көршілес жатқан елді-мекендерде жұмыс жасауын ойластырған жөн;

- жас мамандарға арнап бастапқы кезеңде ақысы төмен, тым болмағанда жатақханамен қамтамасыз ету қажет;

- жас маман солтүстік аймақта отбасын құрған жағдайда оған жергілікті әкімшіліктен көтерме жәрдемақы тағайындау керек;

- жылдық еңбек өтемі аяқталған соң қолайлы шартпен қолжетімді баспаналы болуын ойластыру маңызды;

Осы мәселелерді қарап, нақты шешімдер қабылдап, нәтижесін заңда көрсетілген мерзімде хабарлауыңызды сұраймыз.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: