Мәлік Олжабеков ҚР ЦДИАӨМ вице-министрі болып тағайындалды
Мәлік Олжабеков ҚР ЦДИАӨМ вице-министрі болып тағайындалды, деп хабарлайды zakon.kz.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен Мәлік Серікұлы Олжабеков ҚР цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі вице-министрі қызметіне тағайындалды, деп хабарлайды ҚР Үкімет басшысының баспасөз қызметі.
Мәлік Олжабеков 1986 жылы Алматы облысында дүниеге келген. КИМЭП университетін, Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетін бітірген.
Еңбек жолын 2010 жылы "Республикалық ғарыштық байланыс және радиоэлектрондық құралдардың электромагниттік үйлесімділігі орталығы" АҚ кадрлық жұмыс және құжат айналымы бөлімінің менеджері қызметінен бастады.
2012-2017 жылдары — "Республикалық ғарыштық байланыс орталығы" АҚ-да басшылық қызметтерде жұмыс істеді.
2017-2019 жылдары — ҚР Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің Аэроғарыш комитеті төрағасының орынбасарының міндетін атқарушы- төрағаның орынбасары.
2019 жылғы тамыздан бастап қазіргі уақытқа дейін ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің Аэроғарыш комитеті төрағасының орынбасары болды.