Жаңалықтар тізбегі
0

Мемлекеттік қызметкерге мемлекеттік тілді білу міндеттелгелі жатыр

ашық дереккөздерден алынды, сурет - Zakon.kz жаңалық 03.09.2021 16:29 ашық дереккөздерден алынды
Бірақ, мұндай талап тек мемлекеттік қызметке жаңадан орналасатындарға қолданылады. Яғни, бұрыннан істеп келе жатқандарға қатысты емес.

Қазақстанда мемлекеттік қызметке тұру үшін мемлекеттік тілді білу міндеттелмек. Мемлекеттік қызмет істері агенттігі осындай заң жобасын Ашық үкімет порталында талқылауға шығарды. Бірақ, мұндай талап тек мемлекеттік қызметке жаңадан орналасатындарға қолданылады. Яғни, бұрыннан істеп келе жатқандарға қатысты емес, деп хабарлайды zakon.kz КТК телеарнасына сілтеме жасап.

Агенттіктің мәлімдеуінше, мемлекеттік қызмет көрсету сапасы бойынша қоғамдық мониторинг жүргізілген. Оның нәтижесі бойынша жұртың 8 пайызы тілдік кедергілерге байланысты қанағаттанбайтынын білдірген. Осыны ескере келе, мемлекеттік қызметкерлер үшін тілдерді еркін меңгеру бойынша талап енгізу мәселесі қоғам мен уақыттың қажеттілігінен туындаған дейді агенттік өкілдері. Ал қазіргі заңда ондай талап жоқ.

Жалпы, бүгінде елімізде қоғамның барлық саласын қамтитын 90 мыңға жуық мемлекеттік қызметкер жұмыс істейді. Олардың қандай да бір тілді қолдану белсенділігі көбіне қызмет саласына және жұмыс істейтін аймағына байланысты болып отыр.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: