Жаңалықтар тізбегі
0

Тоқаев ресми сапармен Швейцарияға барады

ҚР СІМ баспасөз қызметі, сурет - Zakon.kz жаңалық 07.09.2021 14:42 ҚР СІМ баспасөз қызметі
Бұл туралы Қазақстан СІМ басшысы Мұхтар Тілеуберді Швейцария Вице-президенті, Федералдық кеңесшісі (министрі) Игнацио Кассиспен келіссөздері кезінде айтылды.

Қазақстан мен Швейцария екіжақты қарым-қатынастардың барлық спектрі бойынша өзара тиімді, көпжоспарлы ынтымақтастықты дамытуға ниетті, деп хабарлайды zakon.kz.

Қазақстан СІМ басшысы Мұхтар Тілеуберді Швейцария Вице-президенті, Федералдық кеңесшісі (министрі) Игнацио Кассиспен келіссөздерінің негізгі лейтмотивы осындай.

Швейцария Қазақстанның Еуропадағы маңызды саяси және экономикалық әріптестерінің бірі. Біз сенімге, өзара құрметке және ортақ басымдықтарға негізделген берік қатынастар орнаттық. Бұл қатынастар жаһандық және өңірлік қауіпсіздікті қамтамасыз етудегі сенімді серіктестікпен, серпінді сауда ынтымақтастықпен, сондай-ақ саяси және тұлғааралық қатынастармен нығайтылуда, - деді Тілеуберді.

Қазақстан мен Швейцарияның жоғары басшылығы арасындағы байланыстардың қарқынды дамыуын және екіжақты өзара іс-қимылды нығайтуға өзара мүдделіліктің артып келе жатқанын атап өтіп, тараптар үкіметаралық, парламентаралық және іскерлік байланыстарды дамытуға одан әрі жәрдемдесуге келісті. Бұл тұрғыда Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың биыл қарашада Швейцарияға ресми сапарына дайындық барысына ерекше назар аударылды.

Халықаралық мәселелер бойынша пікір алмасу барысында тараптар БҰҰ, ЕҚЫҰ және басқа да көпжақты құрылымдар аясындағы өзара іс-қимылды талқылады. Келіссөздердің күн тәртібіне өңірлік мәселелер, соның ішінде Ауғанстандағы жағдай, Орталық Азия елдерімен ынтымақтастық және су ресурстарын басқару кірді. Дамуға ресми көмек желісі бойынша, атап айтқанда қазақстандық KazAID Халықаралық даму агенттігі және Швейцарияның SDC Даму және ынтымақтастық агенттігі арасындағы бірлескен жұмыс аспектілері қозғалды.

Келіссөздер қорытындысы бойынша делегация басшылары дипломатиялық немесе қызметтік паспорттардың иелерін визалық талаптардан өзара босату туралы, сондай-ақ дипломатиялық өкілдіктер, халықаралық ұйымдар жанындағы тұрақты өкілдіктер мен консулдық мекемелер қызметкерлерінің отбасы мүшелерінің ақылы еңбек қызметі туралы екі үкіметаралық келісімге қол қойды.

Сыртқы саяси күн тәртібіндегі экономикалық дипломатияның басымдығын ескере отырып, Министр Тілеуберді сол күні Швейцарияның "Stadler Rail", "Ammann Group", "Sandoz", "KS Genetics", "Inoks Capital" және "Philip Morris International" ірі компанияларының басшыларымен кездесулер өткізді.

Қазақстандағы инвестициялық ахуалды жақсарту бойынша қабылданып жатқан шараларды ұсына отырып, министр швейцариялық әріптестерді инвестицияларды тартуды ынталандырудың жаңа құралы "Стратегиялық инвестициялық келісіммен" таныстырды.

Сауда-экономикалық ынтымақтастықты дамытудың үлкен әлеуеті Швейцария бизнесінің химия-фармацевтика және машина жасау, жаңа технологиялар мен энергетика саласында, агроөнеркәсіп кешені (АӨК) мен қаржы секторында өзара тиімді жобаларды іске асыруға мүдделілігімен расталады. Швейцарияның Қазақстанның ірі сыртқы экономикалық серіктестерінің бірі ретіндегі рөлі мен маңызы атап өтілді. 2020 жылы Швейцария Қазақстанға тартылған тікелей шетелдік инвестициялар көлемі бойынша 3-ші орынды, ал біздің елмен екіжақты сауда көлемі бойынша 10-шы орынды иеленді.

Сапар аясында "Kazakh Invest" ҰК" АҚ мен швейцариялық компаниялар арасында Қазақстанның АӨК және машина жасау саласындағы инвестициялық жобаларды іске асыру бойынша ынтымақтастық туралы меморандумдарға қол қойылды.

Сыртқы істер министрі бастаған қазақстандық делегация Берн тарихи мұражайында Қазақ мемлекеттілігінің тарихынан бірегей мұрағаттық материалдарға арналған арнайы көрмені аралады. Музейде сондай-ақ Р.Б. Сүлейменов атындағы Шығыстану институты, Берн тарихи музейінде және Берн университеті арасында "Орталық Азия мен Швейцарияның түркі халықтарының мұрасы" атты келісімге қол қою рәсімі өтті.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: