Кәрім Мәсімов Минскіде Лукашенкомен кездесті
belta.by
Лукашенкоға Қазақстандағы екі президенттің ыстық сәлемін жеткізді.
ҚР ҰҚК төрағасы Кәрім Мәсімов Минскіде Беларусь президенті Александр Лукашенкомен кездесіп, екі елдің арнайы қызметтері арасындағы ынтымақтастықты дамыту перспективаларын талқылады, деп хабарлайды zakon.kz БЕЛТА-ға сілтеме жасап.
Сіз бен Беларусь ҰҚК төрағасымен жасалған келісімдердің бәрін біз сөзсіз орындаймыз. Бізге ғана емес, Қазақстанға да тиімді, керек бағыттарда жұмыс істейміз, деді Лукашенко.
Кәрім Мәсімов өз кезегінде Беларусь мемлекет басшысына осы кездесу үшін алғысын білдірді.
Ол Беларусь сапарының алдында Қазақстанның тұңғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаев пен қазіргі мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың қабылдауында болғанын айтып, Лукашенкоға олардың ыстық сәлемін жеткізді.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript