"Қазақфильм" АҚ-да тінту жүргізілді деген ақпарат теріске шығарылды

informburo.kz, сурет - Zakon.kz жаңалық 09.09.2021 15:09 informburo.kz
ҚР ҚМА Баспасөз қызметі бұл ақпараттың жалған екенін мәлімдеді.

Қаржылық мониторинг агенттігі "Қазақфильм" АҚ-да тінту жүргізу туралы таратылған ақпараттың жалған екенін жеткізді, деп хабарлайды zakon.kz.

Атап айтқанда, Агенттіктің орталық аппаратымен және аумақтық департаменттерімен "Қазақфильмге" қатысты сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізіліп жатқан жоқ, делінген хабарламада.

Сонымен бірге, Қылмыстық кодекстің 274-бабына сәйкес көрінеу жалған ақпарат тарату үшін бас бостандығынан айыруға дейін қылмыстық жауапкершілік қарастырылған.

Осыған байланысты, Агенттік жалған ақпаратты таратпауға және тек ресми ақпарат көздеріне сенім білдіруге шақырады.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: