Тоқаевтың Жолдауын жүзеге асыру 215 млрд теңгені қажет етеді
zakon.kz
Өаржы вице-министрі мұндай жағдай Мемлекет басшысының тапсырмаларын 2022 жылдың 1 қаңтарынан бастап орындауға мүмкіндік беретінін атап өтті.
Мәжілісте 2022-2024 жылдарға арналған республикалық бюджет жобасының таныстырылымында Қаржы вице-министрі Татьяна Савельева Президенттің қандай тапсырмалары бірінші кезекте нендей қаражат есебінен орындалатынын айтты, деп хабарлайды zakon.kz тілшісі.
Татьяна Савельева Парламент сессиясының ашылуында Мемлекет басшысының Жолдау жасағанын еске салды. Енді үкімет онда айтылғандарды орындау үшін қаржылай қамсыздандыру жағын пысықтай бастады.
Жоғары дәрежеде әзірленген нормативті-құқықтық базаның, құжаттаманың негізінде салыстырмалы кесте шеңберінде қаражатты қайта бөлу өздеріңіздің қарауларыңызға ұсынылады. Бұл мақсатта Президенттің бастамалары үшін резервтен 215 миллиард теңге қарастырылған, деді қаржы вице-министрі.
Ол мұндай жағдай Мемлекет басшысының тапсырмаларын 2022 жылдың 1 қаңтарынан бастап орындауға мүмкіндік беретінін атап өтті.
Дайындық дәрежесі жоғары шаралар бар, бәлкім, жалақыны көтеруге байланысты бұл жолы қолға алынуы тиіс шаралар көбірек болады. Енді бұл жұмысты біз Еңбек министрлігімен бірлесе атқарып жатырмыз. Бұл механизм, үкіметтің резервіне ұқсас түзілген. Мүмкін біз мұны Парламент шеңберінде жасаймыз, сонда барлық есеп-қисап көрініп тұрады, жария жүреді. Мұндайда біз барлық есеп-қисапты салыстырмалы кестеге сай қайта өзгеріп, президенттің резервін азайту арқылы артылған қаражатты тиісті мемлекеттік органдарға тікелей аудару арқылы бағыттай алар едік, - деп сөзін түйіндеді ол.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript