Жаңалықтар тізбегі
0

US OPEN 2021 сенсациялар бойынша рекорд жаңартты

instagram/emmaraducanu, сурет - Zakon.kz жаңалық 09.09.2021 18:40 instagram/emmaraducanu
Ашық біріншіліктің әр ойын күні жағымды тосынсыйларға толы.

АҚШ-тың теннистен өтіп жатқан ашық біріншілігінің аяқталуына бар-жоғы төрт күн қалды, деп хабарлайды zakon.kz.

Ашық біріншіліктің әр ойын күні жағымды тосынсыйларға толы. Испандық Николас Алькараз ойыннан шығып қалған соң, әлемнің басты назары британдық Эмма Радукануға ауды. 18 жастағы теннисші әлемдік рейтингіде 150-ші орынға ілігіп, АҚШ чемпионатының жартылай финалына жолдама алды.

Ширек финалда ағылшын қызы Олимпиада чемпионы швейцариялық Белинда Бенчичті 6: 3, 6: 4 есебімен ұтты. Сондай ақ, Эмма іріктеу ойындарында біліктілігімен жеңіске жетіп, жартылай финалға өтуінің өзі ауыз толтырып айтуға болатын жайт. Оның жасы мен рейтингтік көрсеткіштерін ескерсек, мұндай көрсеткішке жетудің оңай болмағанын аңғаруға болады.

Енді финалға шығу үшін Радукануды грекиялық Мария Саккариді асыға күтуде. Ол турнирдің төртінші ракеткасы Каролина Плишкованы- 6: 4, 6: 4 есебімен ұтты.

Ерлер арасындағы ашық турнирде Стефанос Циципасты санамағанда, негізгі тенисшілер әлі де әлем назарында. Грек теннисшісінің орнына канадалық Феликс Огер-Алимиз бағын сынамақ. Онымен ресейлік Даниил Медведев жартылай финалда бақ сынасады.

Чемпиондыққа басты үміткер, әлемнің бірінші ракеткасы Новак Джокович Александр Зверевпен ақтық сында бақ таласады. "Джоко" ширек финалда итальяндық Маттео Берретиниге қарағанда мықты болды: 5: 7, 6: 2, 6: 2, 6: 3. Ал Зверев Ллойд Харристі орта жолдан Оңтүстік Африкасына - үйіне оралуға мәжбүр етті: 7: 6, 6: 3, 6: 4.

Джокович Олимпиада чемпионы Александр Зверевтің жеңіспен аяқталған16 кездесуі сериясын үзе ала ма, жоқ па, оны ертең, 10 қыркүйек күні кешке біле аламыз.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: