Жаңалықтар тізбегі
0

Валиуллиннің тыйым салынған витамин қабылдағаны расталды

kff.kz, сурет - Zakon.kz жаңалық 09.09.2021 20:40 kff.kz
Бүгін, 9 қыркүйек Русланның туған күні. Ол 27 жасқа толды.

"Тобыл" футбол клубы Руслан Валиуллиннің допингке қарсы ережелерді бұзу ықтималдығына байланысты УЕФА тарапынан тәртіптік іс қозғалғаны туралы ақпарат алды. Барлық ақпарат клуб ішіндегі құзыретті мамандарға жеткізілді, қазіргі уақытта тыйым салынған заттардың футболшының қанына қалай енгенін анықтау үшін ішкі тексеру жүргізілуде, деп хабарлайды zakon.kz "Тобыл" ФК баспасөз бөліміне сілтеме жасап.

Клубтың тағы бір футболшысы Сергей Малый мен Руслан Валиуллиннің допинг-сынамасы Конференция Лигасы 3-кезеңі аясындағы "Жилина" – "Тобыл" матчынан кейін алынды. Сынақ нәтижесі Русланның жеке поштасына 2 қыркүйекте жіберілді. Ол уақытта футболшы Қазақстан құрамасы делегациясының құрамында Финляндияға аттанған болатын. Клуб қазір істі мұқият зерттеу мақсатында ҚФФ заңды органдарымен үнемі байланыста екенін жеткізеді.

Валиуллиннің өзі білместіктен тыйым салынған заттар тізіміне енетін дәрумендер қабылдаған екен.

ҚФФ бас хатшысы Азамат Айтхожин "Тобыл" қорғаушысы Руслан Валиуллиннің допинг сынағына қатысты мәлімдеме жасады, дейді aladop.kz.

- Конференция лигасында "Жилинамен" өткен қарымта матчтан (12 тамыз) кейін, "Тобылда" ойнайтын Валиуллин допинг-тесттен өтті, нәтижесінде денесінен тыйым салынған зат анықталды. Біз футболшымен сөйлестік, оның айтуынша, бұл тыйым салынған препараттар тізіміне енгізілген витаминдер. Ол мұны білмегенін айтты. Клуб ресми құжат дайындап жатыр, бірақ ұлттық құраманың бұған еш қатысы жоқ. Бұл клуб туралы әңгіме. Құжат (допинг-тест туралы) бізге 2 қыркүйекте, яғни Украинамен болған матчтың ертесіне келді. Бұл ойында Валиуллин бұлшықет жарақатын алды, сондықтан ұлттық құраманың келесі кездесулеріне қатыспады. Ол команданың құрамында болды, бірақ жарақатынан айығу үшін емделді. Қазір Валиуллин клубтың орналасқан жерінде, деді ол.

Бүгін, 9 қыркүйек Русланның туған күні. Ол 27 жасқа толды.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: