COVID-19 бен тұмауға қарсы қос вакцинаны бір мезетте алуға бола ма

zakon.kz/ Павел Михеев, сурет - Zakon.kz жаңалық 09.09.2021 23:00 zakon.kz/ Павел Михеев
Алынатын тұмау мен коронавирусқа қарсы вакциналар арасында 2-4 апта үзіліс болуы керек.

Алматының бас санитарлық дәрігері Жандарбек Бекшин COVID-19 бен тұмауға қарсы вакциналарды бір мезетте қабылдауға бола ма деген сауалға жауап берді, деп хабарлайды zakon.kz.

Алынатын тұмау мен коронавирусқа қарсы вакциналар арасында 2-4 апта үзіліс болуы керек. Айталық, егер коронавирусқа қарсы вакцинациялауды бастаған болсаңыз, онда арасында екі апта үзіліс ұстануымыз керек, егер өзіңізді жақсы сезінсеңіз, онда ары қарай вакцина ала беруге болады, - деді Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингіде Алматы қаласының бас санитарлық дәрігері.

Бұған дейін Алматыда эпидемиологиялық жағдайдың жақсарғаны хабарланған болатын. Енді COVID-19 науқастары кейбір ауруханалар мен қонақ үйлерге жатқызылмайды. Сондай -ақ, егер мутацияға байланысты жаңа штамм пайда болмаса, КВИ жұқтырғандар саны қазан айына дейін төмендеуі тиіс деген болжам жарияланды.

zkadm
Мақаламен бөлісу
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: