"Дельта-штамм" науқастардың емделіп кетуіне ұзақ уақыт кетеді - дәрігер
ҚР ДСМ
Дәрігер "дельта штамм" жұқтырғандардан ауруханадан шыққаннан кейін амбулаториялық ем алып, 14 күн оқшаулану режимін сақтау талап етілетінін айтты.
Коронавирусқа шалдыққан науқастың сауығу уақыты аурудың қалай жүретіндігіне байланысты, деп хабарлайды zakon.kz.
Алматы қалалық Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы Орталық қалалық клиникалық ауруханасы директорының орынбасары Эльвира Ибрагимова аурудың ауыр ағымында емделуге 10 күннен астам уақыт кететінін айтты.
Әдетте, науқастар 10-14 күнде емделеді, бірақ қиын жағдайларда бір айға дейін созылуы мүмкін. "Дельта штаммның" пайда болғалы біз науқастардың тағы бір өзгерісін анықтай бастадық. Егер наурызда ауырған науқастар мен қазіргі науқастарды салыстыратын болсақ, онда, әдетте екіншісінің дерті ауыр және ұзаққа созылады, - деп түсіндірді ол.
Дәрігер "дельта штамм" жұқтырғандардан ауруханадан шыққаннан кейін амбулаториялық ем алып, 14 күн оқшаулану режимін сақтау талап етілетінін айтты.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript