Қарағандыда хайуанттар бағындағы қан-жоса тірі бұғы жұртты шошытты
pxhere.com
Бүгінгі брифингте хайуанаттар бағының қызметкерлері бұғы мүйізін кесу процедурасын 9 қыркүйекте жүргізгендерін хабарлады.
Видеодан қарағандылық хайуанаттар бағында бұғының мүйізі кесіліп, қан тамырларына зақым келгені көрінеді: жануардың денесі, қоршаудың іші де, өзі де қып-қызыл қанға боялған, деп хабарлайды zakon.kz.
Бұл бұғылардың мүйізі кесілетін маусым секілді. Бірақ жануарлардың тамырларына неліктен зақым келгені, түсініксіз. Бұғылардың қазіргі жағдайы алаңдаушылық туғызады. Жануарлар күйзеліке ұшыраған секілді ме, қалай, делінген жазбада.
Бүгінгі брифингте хайуанаттар бағының қызметкерлері бұғы мүйізін кесу процедурасын 9 қыркүйекте жүргізгендерін хабарлады. Бұл ақпарат хайуанаттар бағының instafram парақшасында жарияланды.
Күздегі күйлеу кезеңінде, еркек бұғылар құтырып, ұрғашысы үшін агрессивті күрес басталады. Осы уақытта олар бір-біріне, сондай-ақ хайуанаттар бағының қызметкерлері мен қонақтарына зиян келтіруі мүмкін. Процедура арнайы препараттарды қолдану арқылы мал дәрігерінің бақылауымен ауыртусыз жасалады. Мүйіз кесілген соң, бәрін антисептикалық заттармен өңдедік. Қазір бұғылардың жағдайы жақсы, - дейді хайуанаттар бағының қызметкерлері.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript