Жаңалықтар тізбегі
0

Қазақстанда ерте темір дәуіріне жататын обалар табылды

"Берел" қорық-музейі "Берел" қорық-музейі
Мәйіттермен бірге қыш ыдыстары және қойдың құймышағы қойылған.

Қатонқарағай ауданы Аққайнар ауылының жанында орналасқан Шу қорымын зерттеу барысында әр түрлі жер үсті құрылысы бар елуден аса жерлеу ғұрыптық ескерткіштері шоғырланғаны анықталды, деп хабарлайды zakon.kz "Берел" мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-музейінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Обалар ерте темір дәуірінің ерте кезеңіне жатады, дейді мамандар.

Мұндай болжам жасауға обадағы жерлеу ғұрпы негіз болған. Обаның қабір шұңқырында екі кісінің мәйіті қойылған, біріншісі - қару жарақ асынған ірі денелі ер адам. Қарулардың ішінде қола қанжары және қоладан жасалған чекан бар.

Сонымен қатар жебелерді салатын қылшанды (қорамсақ) белдікке ілетін қола ілмегі бар. Жебелерінің ұштары сүйектен жасалған. Ал, қалғандары қола. Бұл жерде қарулардың шынайы еместігін айта кету керек, себебі қарулар кішігірім көлемде жасалған. Екінші мәйіт ер адамның кейін жерленген. Оның көлемі кішілеу, жамбас тұсына тері, үсті тоқылған қалтаға салынған қола айна қойылған. Мәйіттермен бірге қыш ыдыстары және қойдың құймышағы қойылған. Қыш ыдыстардың ернеуінде өрнектері бар, деді Аққайнар ауылында жүргізіліп жатқан археологиялық қазба жұмыстарының жетекшісі, белгілі археолог Зейнолла Самашев.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: