Жеті айда Қазақстаннан 18 мыңнан аса адам кеткен

pexels.com, сурет - Zakon.kz жаңалық 14.09.2021 23:48 pexels.com
Ел ішінде қоныс аударушышылар саны 2020 жылғы қаңтар-шілдемен салыстырғанда 10,6%-ға артты.

Ұлттық статистика бюросы мәліметінше, 2021 жылғы қаңтар-шілдеде елімізге тұрғылықты тұру үшін келіп, тіркелуген адамдар саны 5 409-ды, елімізден кеткендердің саны 18 198 адамды, көші-қон сальдосы 12 789 адамды құрады, деп хабарлайды zakon.kz.

Еліміздегі негізгі көші-қон алмасуы ТМД мемлекеттерімен арада қалыптасқан. ТМД елдерінен келгендердің және сол елдерге кеткендердің көшіп-қонушылардың жалпы санындағы үлесі 84,3% және 85,4% құрады.

Ел ішінде қоныс аударушышылар саны 2020 жылғы қаңтар-шілдемен салыстырғанда 10,6%-ға артты, делінген Ұлттық статистика бюросы хабарламасында.

Өңіраралық қоныс аудару бойынша халық көші-қонының оң айырымы еліміздің 4 өңірінде байқалды: Алматы (16 902 адам), Нұр-Сұлтан (14 222 адам), Шымкент ( 8 965 адам) қалаларында және Маңғыстау облысында (310 адам).

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: