1 қарашада жаңа ақылы жолдар іске қосылады

kolesa.kz, сурет - Zakon.kz жаңалық 15.09.2021 22:41 kolesa.kz
Жаңа жол бөліктері бірінші қазаннан бастап сынақтан өтеді.

Елімізде 2021 жылы 1 қарашадан бастап жеті автомобиль жолы ақылы болады. Бұл туралы "ҚазАвтоЖол" ресми сайтында жазды, дейді kolesa.kz.

Бұрын хабарланғанымыздай, жүргізушілер мына жолдарда жүргені үшін ақша төлейді:

Щучинск — Көкшетау,
Шымкент — Өзбекстан шекарасы,
Шымкент — Тараз,
Шымкент — Қызылорда,
Тараз — Қайнар,
Нұр-Сұлтан — Павлодар,
Қапшағай — Талдықорған.

Компания өкілдерінің айтуынша, ақылы жолдар қажетті құралдармен жабдықталды, белгіленген жол бөліктері 1 қазанда сынақ режимінде жұмыс бастайды.

Жаңа ақылы жолдарда төлем қабылдау әдісі өзгереді. Енді тас жолда шлагбаум болмайды. Жүргізушілер смартфондағы қосымшаларды пайдаланып немесе RFID-таңба арқылы төлем жасайды.

Жол ақысына келетін болсақ, қолда бар мәлімет бойынша жеңіл көліктер Щучинскіден Көкшетауға дейін 50 теңге, ал Шымкенттен Қызылордаға дейін 420 теңге төлейді.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: