Жаңалықтар тізбегі
0

Н.Нығматулин ТүркПА-ның Бас хатшысын қабылдады

Ж.Жұмабеков, сурет - Zakon.kz жаңалық 16.09.2021 17:18 Ж.Жұмабеков
ТүркПА бүгінде Әзірбайжан, Қазақстан, Қырғызстан және Түркияның Парламент өкілдерін қамтиды.

Мәжіліс Төрағасы Нұрлан Нығматулин Түркітілдес мемлекеттердің Парламенттік Ассамблеясының (ТүркПА) Бас хатшысы Алтынбек Мамаюсуповты қабылдады, деп хабарлайды zakon.kz.

Кездесу барысында ТүркПА-ның мерейтойлық X пленарлық отырысына дайындық мәселелері талқыланды.

Түркітілдес елдер парламентшілерінің форумы үстіміздегі жылдың 27-28 қыркүйегінде түркі әлемінің астанасы Түркістан қаласында өтеді. ТүркПА Кеңесінің Х пленарлық отырысына Әзірбайжан, Қазақстан, Қырғызстан және Түркия парламенттерінің басшылары қатысады деп күтілуде.

Мәжіліс Төрағасы Нұрлан Нығматулин Парламент өкілдерінің алдағы кездесуі туралы айтып, X пленарлық сессияның маңыздылығына тоқталды. Сонымен қатар, бұл депутаттарға алғашқы онжылдықтағы жұмысының қорытындысын шығарып қана қоймай, қазіргі заманның өзекті мәселелерін ескеретін және одан әрі ынтымақтастықтың келешектегі бағыттарын толық ауқымды талқылауға мүмкіндік беретініне назар аударды.

Қазақстанның Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасымен құрылған түркітілдес елдердің Парламенттік Ассамблеясы бүгінде Әзірбайжан, Қазақстан, Қырғызстан және Түркияның Парламент өкілдерін қамтиды. Венгрия 2014 жылы осы парламенттік ұйымда бақылаушы мәртебесін алды. ТүркПА-ның мерейтойлық Х пленарлық отырысына Өзбекстанның Олий Мажлис Заң шығару палатасының спикері бастаған өзбек Парламент өкілдері де шақырылды.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: