Жаңалықтар тізбегі
0

Жол бойында қызмет көрсету нысандары бар кәсіпкерлерге өтемақы беріледі

zakon.kz zakon.kz
Шығындарының бір бөлігі бойынша өтемақыны алу үшін тіркелген орны бойынша кәсіпкерлік субъектісі 1 желтоқсанға дейін жергілікті әкімдікке өтініш беруі тиіс.

Мәдениет және спорт министрлігі кәсіпкерлік субъектілерінің жол бойындағы қызмет көрсету нысандарының құрылысына кеткен шығындарының бір бөлігін өтеу ережесін әзірледі, деп хабарлайды zakon.kz.

Бұл ереже жол бойында қызмет көрсету нысанарының құрылысына кәсіпкерлік субъектілердің кетірген шығындарының бір бөлігін өтеу тәртібін анықталды.

Шығындарының бір бөлігі бойынша өтемақыны алу үшін тіркелген орны бойынша кәсіпкерлік субъектісі 1 желтоқсанға дейін жергілікті әкімдікке өтініш беруі тиіс.

Өтінім беру үшін керекті құжаттар:
• заңды тұлға өтініш берген жағдайда - заңды тұлғаның құрылтайшылар құжаттарының көшірмелері,
жеке тұлға өтініш берген жағдайда - жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі, кәсіпкерлік субъектінің мүддесін білдіретін, кәсіпкерлік қызметтің басталғанын растайтын құжаттың көшірмесі;
• өтінім берген айдың алындағы айдың бірінші күнінен бастап мемлекеттік кірістер органдарына қарызы жоқтығы (болуы) туралы анықтама;
• объектіні пайдалануға рұқсат беру үшін қабылдау актісінің көшірмесі;
• Көрсетілген нысанның оң қорытындысы бар жобаның (жобалық-сметалық) құжаттамалық көшірмесі;
• нысанды қабылдап алғанын растайтын талон көшірмесі.

Келіп түскен өтініштер мен онымен қоса өткізілген құжаттарды әкімдіктегілер өтінішті қабылдап алған күннен бастап екі жұмыс күні ішінде тіркеп, қарайды.
Кәсіпкерлік субъектілерінің шығындарының бір бөлігін өтеуге алынған құжаттарды қарау үшін әкімдікте тұрақты комиссия құрылады.

Құжаттар пакетін қарау нәтижелері бойынша комиссия келесі шешімдердің бірін қабылдайды:

• шаруашылық жүргізуші субъектіге шығындардың бір бөлігін өтеу туралы;
• құжаттар толық ұсынылмаған жағдайда шаруашылық жүргізуші субъектіге шығындардың бір бөлігін өтеуден бас тарту туралы.

Кәсіпкерлік субъектілеріне шығындардың бір бөлігін өтеуге тиісті қаржы республикалық бюджет туралы заңда белгіленген сомалар шегінде төленеді.

Құжат 29 қыркүйекке дейін ашық талқылау үшін "Ашық НҚА" сайтына орналастырылды.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: