Алматыда ШЫҰ-ның гуманитарлық "хабын" ұйымдасыруды ұсынамыз - Тоқаев Ауғанстан жайлы
Ақорда
Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанның гуманитарлық және экономикалық проблемаларды бастан өткеріп отырған Ауғанстанға барынша көмек көрсетуге дайын екенін айтты.
Мемлекет басшысы ШЫҰ-ға мүше мемлекеттер басшылары кеңесінің отырысында бүкіл әлемде және Душанбедегі саммит алаңдарында кеңінен талқыланып жатқан ауған мәселесіне арнайы тоқталды, деп хабарлайды zakon.kz.
– Қазақстан болашақ Ауғанстанды өз ішінде және көршілес елдермен, шын мәнінде, бейбіт өмір сүретін тәуелсіз әрі біртұтас мемлекет болады деп санайды. Тағдырдың тәлкегіне түскен осындай тарихи сәтте көпұлтты Ауғанстан халқы шектен тыс қиыншылықтармен бетпе-бет қалмауға тиіс. Ықпалы зор ШЫҰ бұл елде бейбітшілік пен келісімнің үстемдік құруы үшін белсенді рөл атқара алады және атқаруы қажет деп санаймын. Бір жағадан бас, бір жеңнен қол шығарғанда ғана қазіргі қауіпке қарсы күресте өңірлік қауіпсіздікті қамтамасыз ете аламыз. Қазақстан өз тарапынан деструктивті идеология ағынының, есірткі тасымалының және Ауғанстаннан тыс жерлерге бақылаусыз көшудің жолын кесу үшін өңірлік серіктестерімізбен арадағы ықпалдастықты кеңейтеді, – деді Президент.
Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанның гуманитарлық және экономикалық проблемаларды бастан өткеріп отырған Ауғанстанға барынша көмек көрсетуге дайын екенін айтты.
– Қазақстанның инфрақұрылымдары мен логистикалық мүмкіндіктерін ескере отырып, Ауғанстанға халықаралық көмек жеткізу үшін Алматыда ШЫҰ-ның гуманитарлық "хабын" ұйымдасыруды ұсынамыз. Бұл қадам аймақтағы өткір мәселелерді шешу ісіндегі біздің Ұйымның рөлін арттыруға, сондай-ақ, БҰҰ мен басқа да халықаралық құрылымдардың қызметіне үйлесімді түрде атсалысуға ықпал ететініне сенімдімін, – деді Мемлекет басшысы.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript