Жаңалықтар тізбегі
0

Сыртқы экономикалық қызмет қатысушыларымен жиналыс өтті

Арыс көлік прокуратурасы, сурет - Zakon.kz жаңалық 11.09.2021 22:13 Арыс көлік прокуратурасы
Экономикалық конрабанданы болдырмау мақсатында құқық қорғау мен мемлекеттік органдардың жұмыстарын үйлестіру туралы шешім қабылданды.

2021 жылдың 10-қыркүйегі күні Түркістан облысы "Сарыағаш стансасы" кеден бекетінде, Түркістан облысы бойынша МКД-нің, Арыс көлік прокуратурасының, Түркістан облысы бойынша Экономикалық тергеп-тексеру департаментінің және "Атамекен" ҰКП Түркістан облысы филиалы өкілдерінің қатысуымен, Түркістан облысы бойынша сыртқы экономикалық қызметке қатысушыларымен "дөңгелек үстел" өткізілді, деп хабарлайды zakon.kz.

Дөңгелек үстелде көтерілген мәселелердің басты тақырыбында, Кедендік рәсімдеу барысында заңдылық пен кәсіпкерлердің құқықтарының сақталуы және экономикалық контрабандаға жол бермеу бағытындағы шаралардың тиімділігі туралы айтылды.

Аталған жиында Арыс көлік прокуроры Мақсат Мошқалов және Түркістан облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті Кедендік әкімшілендіру басқармасының басшысы Ербол Усипов баяндама жасады.

Жиналыс барысында, тақырыпқа сәйкес өзекті мәселелер бойынша сыртқы экономикалық қызметке қатысушылар тарапынан қойылған сұрақтардың барлығына толығымен нақты жауаптар берілді.

Кездесу соңында, кедендік рәсімдеуге қатысты туындайтын сұрақтардың алдын алу мақсатында, кедендік алымдар мен төлемдерге қатысты нормативтік құқықтық актілер мен заңнамаларға енгізілген өзгерістер мен толықтырулар бойынша сыртқы экономикалық қызметке қатысушыларға дер кезінде түсіндіру жұмыстарын жүргізу туралы және кедендік бақылау аумақтарында экономикалық конрабанданы болдырмау мақсатында құқық қорғау мен мемлекеттік органдардың жұмыстарын үйлестіру туралы шешім қабылданды.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: