Жаңалықтар тізбегі
0

Жалған террористер қандай зиян келтіруі мүмкін?

zakon.kz, сурет - Zakon.kz жаңалық 20.09.2021 19:01 zakon.kz
Осыған дейін болған барлық жағдайда жарылғыш заттар туралы ақпарат расталған емес.

Терроризм актісі туралы көрінеу жалған хабарлама – бұл қоғамдық тәртіпке кері әсер ететін қауіпті қылмыстардың бірі деді брифингте ІІМ Экстремизмге қарсы іс-қимыл департаменті бастығының орынбасары Дархан Разуев, хабарлайды zakon.kz тілшісі.

Мұндай қылмыстың қоғамға қауіптілігі соншалық, мұндай хабарлама түскен жағдайда адамдардың арасында үрей мен қорқыныш пайда болады. Ал мемлекеттік органдардың, кәсіпорындар мен мекемелердің жұмысына едәуір кедергі келтіреді, - деді Дархан Разуев.

Оның айтуынша, осындай жағдайда құқық қорғау органдары ең алдымен шынайы қауіптің болу мүмкіндігін ескере отырып, тиісті әрекет жасайды, адамдарды қауіпті болуы мүмкін аймақтардан эвакуацилауға мәжбүр болады. Сондықтан, келіп түскен осындай барлық ақпараттар бойынша жедел қызметтер міндетті түрде оқиға орнына барады. Адамдар сыртқа шығарылады, ғимарат мұқият, жан-жақты тексеріледі, жарылғыш затты іздеу және оның салдарын болдырмау үшін кезек күттірмейтін шаралар қабылданады.

Сонмен қатар, адамдар үрейленіп, даурыққанда бір-бірін итеріп, соның салдарынан ата-аналар баласынан адасып қалуы мүмкін, олардың арасында жүкті әйелдер, мүгедек адамдар болатын кездер де болады.

Осыған дейін болған барлық жағдайда жарылғыш заттар туралы ақпарат расталған емес. Ал, бұл өз кезегінде полиция, ұлттық қауіпсіздік органдарының, өртке қарсы қызмет және медициналық жедел жәрдем қызметінің күш-құралдарын босқа жұмсауға әкеп соғады... Біздің есептеуіміз бойынша осындай жалған шақырту бойынша бір рет шыққанның өзінде 200 мың теңгеден 300 мың теңгеге дейін қаражат жұмсалады, ал ірі кәсіпорындардың жұмысы тоқтап қалғанда әрбір сағат сайын миллиондаған теңге зиян келеді, - атап өтті Разуев.

Мадина Мамырханова, Нұр-Сұлтан

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: