Қазақстанда мобильді аударымдардың жылдық айналымы 35,9 трлн теңгені құрады
ҚР Қаржы министрлігі
Жоғары сұранысқа ие мобильді аударымдар азаматтардың құқықтарына нұқсан келтірмеуі тиіс.
Қазақстандағы мобильді аударымдардың жылдық айналымы 35,9 трлн теңгені құрады. Ұлттық Банкің бұл деректерін ҚР Қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев Үкіметте өткен баспасөз конференциясы барысында айтты, деп хабарлайды zakon.kz ҚР Қаржы министрлінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Ерұлан Жамаубаев атап өткендей, жоғары сұранысқа ие мобильді аударымдар азаматтардың құқықтарына нұқсан келтірмеуі тиіс. Осы бағытта Қаржы министрлігі мүдделі мемлекеттік органдармен және қаржыгерлер қауымдастығымен бірлесіп, мобильдік аударымдарды реттеу шеңберінде тиісті заңнамалық түзетулерді дайындады.
Бұлар кәсіпкерлік мақсаттарға арналған жеке шотты пайдалануды қарастырады. Яғни, халықтың жеке мақсаттары үшін карт-шоты қалады, ал кәсіпкерлер үшін бөлек шот ашу ұсынылады.
Бұл бастамалар салықтың жаңа түрі болып табылмайды және халықтың жеке мақсаттар бойынша аударымдарына әсер етпейді, деп атап өтті Жамаубаев.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript