КВИ-ға шалдыққандар жайлы жаңа дерек жарияланды

Денсаулық сақтау министрлігі 2021 жылғы 22 қыркүйектегі жағдай бойынша Қазақстандағы эпидемиологиялық жағдайдың қысқаша статистикасын жариялады. Коронавирус инфекциясының тәуліктік көрсеткіші 2 537 адамды құрады. Өткен күнмен салыстырғанда елімізде инфекция жұқтырғандар саны 156 адамға аздап төмендеді. Мысалы, 21 қыркүйекке қарағанда Қарағанды облысында 91, Маңғыстау облысында 15 жағдайға азайған, деп хабарлайды zakon.kz.
Өткен тәулікте коронавирус инфекциясын жұқтырған 2 093 жағдай тіркелді, оның ішінде:
Нұр-Сұлтан қаласында - 190,
Алматы қаласында - 415,
Шымкент қаласында – 43,
Ақмола облысында – 147,
Ақтөбе облысында - 58,
Алматы облысында - 254,
Атырау облысында - 29,
Шығыс Қазақстан облысында - 128,
Жамбыл облысында - 55,
Батыс Қазақстан облысында -39,
Қарағанды облысында - 304,
Қостанай облысында - 107,
Қызылорда облысында - 32,
Маңғыстау облысында - 8,
Павлодар облысында - 183,
Солтүстік Қазақстан облысында - 76,
Түркістан облысында - 25.
Елімізде коронавирус инфекциясын жұқтырғандар саны 864 955-ке жетті.
Қазақстанда бір тәулік ішінде3 509 адам коронавирус инфекциясынан жазылып шықты:
Нұр-Сұлтан қаласында - 96,
Алматы қаласында - 607,
Шымкент қаласында - 19,
Ақмола облысында - 221,
Ақтөбе облысында - 293,
Алматы облысында - 481,
Атырау облысында - 209,
Шығыс Қазақстан облысында - 176,
Жамбыл облысында – 101,
Батыс Қазақстан облысында - 147,
Қарағанды облысында - 323,
Қостанай облысында - 69,
Қызылорда облысында - 98,
Маңғыстау облысында - 133,
Павлодар облысында - 355,
Солтүстік Қазақстан облысында - 25,
Түркістан облысында - 156.
Елімізде барлығы 793 903 адам COVID-19-дан емделіп, сауығып шықты.