Тәліптер ауғандықтарға шаш пен сақалды сәндеп қиюға тыйым салды

pixabay.com, сурет - Zakon.kz жаңалық 27.09.2021 19:33 pixabay.com
Бұған дейін "Талибан" қозғалысының басшылығы өз қатарындағыларға демалыс кезінде селфи жасауға тыйым салған.

"Талибан" қозғалысының (Қазақстанда тыйым салынған) сарбаздары Ауғанстанның оңтүстігіндегі Гильменд провинциясы тұрғындарына шашы мен сақалдарын сәндеп қиюға тыйым салды, деп хабарлайды zakon.kz РИА Новостиге сілтеме жасап.

Бұл туралы провинция астанасы - Лашкар Гах қаласында ислам бағытын ұстанған министрлік өкілдерінің ерлер шаштараздарының басшыларымен кездесуі кезінде айтылды.

Кездесуде шаш пен сақалды сәндеп жасауға салынған тыйымдардан бөлек, музыка қоюға да рұқсат етілмейтіндігі айтылды.


Бұған дейін "Талибан" қозғалысының басшылығы өз қатарындағыларға демалыс кезінде селфи жасауға тыйым салған.


Тәліптердің көшбасшылары содырлардың демалыста түскен өте көңілді суреттері "шейіттер қанымен жиналған абыройды" айрандай төгеді деп санайды.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: