Жаңалықтар тізбегі
0

Нығматулин Әзербайжан Милли Мәжілісі спикері Сагиба Гафаровамен сөйлесті

Ж.Құспанов, сурет - Zakon.kz жаңалық 29.09.2021 18:52 Ж.Құспанов
Заңнамалық тәжірибе алмасуды қолдап, пікір алмасты.

Бүгін Мәжіліс Төрағасы Нұрлан Нығматулин Қазақстанға алғаш рет ресми сапармен келген Әзербайжан Милли Мәжілісінің Спикері Сагиба Гафаровамен кездесті, деп хабарлайды zakon.kz.

Тараптар Қазақстан мен Әзірбайжан басшыларының уағдаластықтарын заң жағынан қолдау, сондай-ақ екі елдің жан-жақты өзара іс-қимылын дамытуға арналған мүмкіндіктерін атап өтті.

Нұрлан Нығматулин мен Сагиба Ғафарова ынтымақтастық жөніндегі топтардың, тиісті комитеттердің бірлескен жұмысын жандандыруды, заңнамалық тәжірибе алмасуды қолдап, пікір алмасты.

Кездесуде Мәжіліс Төрағасы Қазақстанның Тұңғыш Президенті-Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың Әзербайжанмен қарым-қатынасты стратегиялық серіктестік пен бауырлас халықтар арасындағы достық рухында нығайту үшін берік іргетас қалауға қосқан ерекше үлесін атап өтті. Нұрлан Нығматулиннің айтуынша, бүгін Мемлекет Басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Бакумен ынтымақтастықты тереңдетуге мән береді.

Өз кезегінде, Әзербайжан Милли Мәжілісінің Спикері Сагиба Гафарова бауырлас елдерімізді түркі дүниесіне ортақ мәдениет, ортақ дәстүрлер, ортақ тарих байланыстыратынын атап өтті.

Сонымен қатар, Түркістанда өткен Түркітілдес елдер Парламенттік Ассамблеясының Х пленарлық отырысының қорытындылары туралы айтқан Нұрлан Нығматулин мен Сагиба Ғафарова отырыста қабылданған шешімдер парламентаралық диалогты нығайтуға, сондай-ақ түркі елдері арасындағы жан-жақты ықпалдастықты дамытатынына сенім білдірді.

, сурет - Zakon.kz жаңалық 29.09.2021 18:52

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: