Жаңалықтар тізбегі
0

Өкпеге тиді, дем жетпей қалды. Таяқ жеген сот орындаушысы өз пікірін білдірді

zhso.kz, сурет - Zakon.kz жаңалық 06.10.2021 21:25 zhso.kz
Даудың басы Алматыда "Дзержинский" саяжайындағы үйге жапсарлас салынған бөлмелерден басталған. Баспана иесі бірнеше шаршы метр жалғап үйін кеңейтпек болыпты. Алайда бұл құрылысқа үзілді-кесілді қарсы болған көршісі сотқа жүгініп жеңіп шыққан. Осы сот үкімін орындауға келген кезде Әділ Ермеков соққыға жығылған.

Әлеуметтік желіде оңбай таяқ жеп, жерге аунай кеткен жеке сот орындаушысының видеосы елдің есін шығарды. Бақытқа орай, ол дін аман екен, болған жайтқа өз пікірін білдірген оның тағы бір видеосы желіде жарияланды, деп хабарлайды zakon.kz.

"Жігіттер, менде бәрі жақсы, тірімін, аманмын. Бауырдан ұрмақшы болды ғой, бірақ соққы өкпеге тиді, дем жетпей қалды. Артынан есімді жинап, кеңінен тыныстап, қалпыма келіп алдым. Қазір бәрі жақсы, оны отырғызамын, аман болыңдар"- дейді видеода ол.

Алматыда 4 қазанда орын алған оқыс оқиғаның видеосы:

Оқи отырыңыздар: Алматыда таяқ жеген сот орындаушысына қатысты тың дерек: Өзі бастады!

Тағы да: Алматыда жеке сот орындаушысы оңбай соққыға жығылды

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: