Жаңалықтар тізбегі
0

Екпе алатын оқушылардың тізімі жасалып жатыр деген сыбысқа ресми түсінік берілді

zakon.kz/ Павел Михеев, сурет - Zakon.kz жаңалық 07.10.2021 21:39 zakon.kz/ Павел Михеев
Бұған дейін хабарланғандай, жүкті әйелдер мен балаларға төртінші тоқсанда Қазақстанға жеткізілетін Pfizer вакцинасы салынуы мүмкін.

Алматы қалалық денсаулық сақтау басқармасы мектептерде вакциналау үшін 12 жастан асқан балалардың тізімі жасалып жатыр деген қауесетті жоққа шығарды, деп хабарлайды zakon.kz.

Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингіде Алматы қаласының бас дәрігері Нариман Табынбаевқа: "Мектептерде 12 жастан асқан балалар арасында екпе жасатқысы келетіндердің тізімін жасау тапсырылғандығы рас па" деген сұрақ қойылды.

Табынбаев бұл ақпаратты жоққа шығарды.

Балаларды вакцинациялау - бұл өте маңызды мәселе. Ол ата-ананың рұқсатымен ерікті түрде жүргізіледі. 12-17 жас аралығындағы жас құрамына тек мектеп оқушылары ғана емес, сонымен қатар 18 жасқа толмаған бірінші курс студенттері де кіреді. Біз қазір тізімдер дайындап жатқанымыз жоқ, бұл алып-қашпа сөз деп санаймын. Біз түсіндіру жұмыстарын бастап, ата-аналар ерікті түрде келісімін бергенде ғана вакцинаны алғысы келетін қанша бала бар екенін біле аламыз, - деп жауап берді ол.

Бұған дейін хабарланғандай, жүкті әйелдер мен балаларға төртінші тоқсанда Қазақстанға жеткізілетін Pfizer вакцинасы салынуы мүмкін.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: