Жаңалықтар тізбегі
0

Қазақтың ата дәстүрінде екі баймен тұру болмаған

видеодан кадр, сурет - Zakon.kz жаңалық 07.10.2021 23:43 видеодан кадр
Психологтың айтқанын істеме!

Соңғы күндері Қазнет қызу талқылап жатқан тақырып – екі күйеуге тиюді заңдастыру мәселесі. Дәлірек айтқанда Серікгүл Сали деген психолог журналист Нартай Аралбайұлына берген сұхбатында "Қазақстанда еркектерге көп әйел алуды заңдастырып, әйелдердің екі күйеумен бірге тұруына рұқсат беру керек", деді. Бір күйеу әйелдің жағдайын жасап, қаржылай қажеттілігін өтеуге қауқарсыз көрінеді.

Қазақ қоғамындағы тізесі шыққан екі тақырып болса, соның бірі – көп әйел алу. Оны кейбіреулер тоқал алуды заңдастыру деп атап кеткен. Арагідік көтерілгенде бір әйелді ала алмай жүрген, алса да, асырай алмай жүрген еркектер қостап қояды. Сондағы уәждері дінмен рұқсат етілген, деп жазады қазақтілді Telegram каналдардың бірі.

Қазақстанда әйелдердің екі күйеуге тиюіне заңмен рұқсат беру керек деп алғаш рет 2008 жылы айды аспанға шығарған – экс-мәжілісмен Бақыт Сыздықова еді. Сол кезде Парламентте көп әйел алуды заңдастыру туралы сөз қозғалып жатты. Енді мына психолог та соны алға тартып, хайп ұстап жүр.

Қазақта "атың шықпаса жер өрте" дегенді ол басқаша түсінсе керек. Әйтесе "кез келген есті адам өзінің іс-әрекеті мен сөзі үшін әлеуметтік жауапкершілікті сезінуі тиіс" деп айтып жүрген психологтың аузынан мұндай сөз шықпас еді. Дін ер адамдарға көп әйел алуға (әйелінің келісімімен) рұқсат бергенімен, әйелдердің көп еркекпен жүруіне тыйым салған. Қазақтың ата-дәстүрінде екі баймен тұру атымен болмаған. Отбасы құндылығы, бала тәрбиесі туралы писхолог-сарапшы ретінде ақыл айтып жүрген адам соны білмеді ме? Мына түрімен алдына жан жарасын емдеуге келген адамға қандай ақыл айтады?

Ертеректе қазақ "молданың айтқанын істе, істегенін істеме" деп отырушы еді. Мына сандырақты тыңдап "психологтың айтқанын істеме" дегеннен басқа амал жоқ.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: