Автобус жүргізушілерінің мас күйде рөлге отыруы көбейді
"Автобус" алдын алу шарасы кезінде алкогольдік мас күйінде автокөлікті жүргізуі және қарсы жолаққа шығу фактілері анықталды, деп хабарлады брифингте ІІМ баспасөз хатшысы Нұрділдә Ораз, деп хабарлайды zakon.kz тілшісі.
4-13 қазан аралығында полицейлер ел аумағында "Автобус" жедел-профилактикалық іс-шарасын жүргізеді. Оның мақсаты - жолаушылар көлігінің қатысуымен болатын жол-көлік оқиғаларын азайту, сонымен қатар жүргізушілердің тасымалдау ережелерін сақтауын бақылауды күшейту, - дейді Нұрділдә Ораз.
Ол полиция көліктік бақылау қызметкерлерімен, мемлекеттік кірістер органдарымен бірге көлік компаниялары мен жолаушылар тасымалымен айналысатын кәсіпкерлерді тексеріп жатқанын айтты.
Оның айтуынша, автобустардың техникалық жағдайы мен жүргізушілердің жол қозғалысы ережелерін сақтауына ерекше назар аударылады.
5 күн ішінде қоғамдық көліктің жүргізушілерінің 11 мыңнан астам (11 391) бұзушылықтар анықталды. Оның ішінде мас күйінде көлік жүргізудің 25 фактісі, қарсы жолаққа шығудың 52 фактісі, маневр жасау ережелерін шамамен 2,5 мың рет бұзі фактілері тіркелді.
264 жүргізушіге жылдамдықты асырғаны үшін айып тағылды. Заңсыз қайта жабдықтаудың 515 фактісі тіркелді, 225 сапар алдындағы тексеруден өтпеген, мыңдаған жүргізушілер техникалық байқаудан өтпеген, 2,5 мыңға жуығы көлік тізгіндеп отырып телефон пайдаланған, делінді брифингте.
Полицейлер сонымен қатар жолаушыларды заңсыз тасымалдаудың 173 фактісін анықтады, автобустардың 136 лауазымды адамы әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Рұқсаты жоқ 76 автотұрақ жабылды.
Жайна Тәттімбетова