Қазақстанда металл сынығы мен қалдықтары экспортына тыйым салынды
Pixabay
Бұйрық 2021 жылы 19 қазанда күшіне енеді.
ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі 2021 жылдың 7 қазанында "Қара және түсті металдардың қалдықтары мен сынықтарын тасымалдау мәселелері туралы" бұйрыққа қол қойды, деп хабарлайды zakon.kz.
Қазақстан Республикасының аумағынан қара және түсті металдардың қалдықтары мен сынықтарын, сондай-ақ пайдаланылған қорғасын-қышқылды аккумуляторларды, батареяларды, сонымен қатар құбырлар, рельстер, қолданыста болған теміржол мен жылжымалы құрам элементтерін автокөлікпен тасымалдауға алты ай мерзімге экспорттауға тыйым салынды, - делінген құжатта.
Бірақ бұл шектеулерге кірмейді:
- Қоспалы болат қалдықтары мен сынықтары, оның ішінде коррозияға төзімді болат және басқалары;
- жөндеу үшін Қазақстан Республикасының аумағына әкелінген және кері экспортталатын, сондай-ақ жөндеу үшін Қазақстан аумағынан шығарылған және кері әкелінетін жылжымалы құрамның пайдаланылған элементтері.
Бұйрық 2021 жылы 19 қазанда күшіне енеді.
Жайна Тәттімбетова
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript