Ресей адамды депрессиядан арылтатын тағам түрлерін дайындамақ
zakon.kz
Мұндай азық дүкендерде коктейль, гель, салат, снек сияқты жеңіл тағамдар түрінде сатылады.
Депрессиядан арылуға және психоэмоционалды денсаулықты жақсартуға арналған синтетикалық тағам 2035 жылға дейін Ресей дүкендерде пайда болуы мүмкін, деп хабарлайды zakon.kz lenta.ru-ға сілтеме жасап.
Мұндай азық дүкендерде коктейль, гель, салат, снек сияқты жеңіл тағамдар түрінде сатылады және спорттық биологиялық белсенді қоспалармен бірдей болады деп болжануда.
Әзірлеушілердің айтуынша, антидепрессанттардың артық дозасымен улану қаупі болмайды – "мұндай тағамның негізгі элементтері – көңіл-күй мен психоэмоционалды күйге әсер ететін лизин, триптофан, метионин сияқты адам ағзасына тым таныс қышқылдар болады" деседі.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript