Жаңалықтар тізбегі
0

Қазақстанда Pfizer екпесін ересектерге алуға бола ма?

pfizer.com, сурет - Zakon.kz жаңалық 11.10.2021 22:04 pfizer.com
2021 жылдың төртінші тоқсанында препарат Қазақстанға жеткізіледі.

ҚР Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой Pfizer екпесін аяғы ауыр әйелдер мен 12 жастан асқан балалар алып болған соң басқа да азаматтарға салу қарастырылуы мүмкін екенін айтты, деп хабарлайды zakon.kz.

Pfizer вакцинасы алғашқы кезеңде 12 жастан асқан балалар мен аяғы ауыр әйелдерге егілетін болады. Бірінші кезеңде біздің міндетіміз – аталмыш вакцинаны балаларға қолжетімді ету, - деді Денсаулық сақтау министрлігі басшысы Мәжіліс отырысында.

Депутат Ғани Хамзин министрден COVID-19 вакцинасымен қамтамасыз етуге қатысты "Covax" бағдарламасына қатысуға Қазақстанның өтініш бергені туралы сұрады. Депутаттың сөзінше, шетелде оқумен және іссапармен жүргендерге осы бағдарлама арқылы екпе салынуы мүмкін.

"Covax" бағдарламасында кедей, табысы төмен елдерге басымдық беріледі. Қазақстан табысы жөнінен орташа елдердің қатарына кіреді. Барлық дамыған елдер Covax-қа қатысады, бірақ олар донорлар мен жеткізуші қызметін атқарады. Вакцина шығаратын әлеуеті бар елдер көбіне Covax-қа қатыспайды, - деді Алексей Цой.

Минстрдің сөзінше, осы бағдарлама бойынша вакцина алған көрші елдер бұл препараттарды сатып алмаған, гуманитарлық көмек ретінде алған.

Сонымен қатар, Қазақстанда вакцина коэффициенті Covax көмектесетін елдерге қарағанда жоғары. Бағдарламаның талабы бар - олар вакцинаны вакцина деңгейі 40%-дан төмен елдерге ғана жеткізеді. Біз Covax бойынша жұмыс істейміз, бірақ қазіргі уақытта олардың белгілі бір шарттары бар. Сома алдын ала төленуі керек, жеткізу мерзімі нақтылануы керек, вакцинаны таңдау құқығы бар. Елімізге кез келген вакцинаның бір дозасын шамамен 12 долларға жеткізуге болады. Қазір бізде негізінен ДДҰ ұсынған вакциналар бар. Бұл CoronaVac, Vero Cell. Біз ересек тұрғындарға 4 миллион доза жеткіздік. Олар барлық аймақтарда бар, барлық азамат екпе салдыра алады, - деп қорытындылады министр.

Қазақстан Pfizer жеткізу бойынша келісімшартқа қол қойды. 6 қазанда Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой Pfizer бойынша келісімшарттың соңғы кезеңіне қол қойғанын хабарлады. 2021 жылдың төртінші тоқсанында препарат Қазақстанға жеткізіледі.

Бақытжан Отарбаева

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: