Жаңалықтар тізбегі
0

Қазақстанда инфляция қарқын алып келеді

zakon.kz/Максим Золотухин, сурет - Zakon.kz жаңалық 12.10.2021 16:20 zakon.kz/Максим Золотухин
Ұлттық банк төрағасы тоғыз айдың қорытындысы бойынша Қазақстанда инфляцияның өскенін атап өтті.

Инфляцияны тұрақтандыру барысында жанар-жағармай мен дәнді-дақылдар бағасының ары қарай өсу ықтималдылығы белгілі бір деңгейде қауіп-қатер тәуекелін қоюлатып отыр. Бұл туралы ҚР Ұлттық банк төрағасы Ерболат Досаев үкімет отырысында айтты, деп хабарлайды zakon.kz тілшісі.

Ол тоғыз айдың қорытындысы бойынша Қазақстанда инфляцияның өскенін атап өтті.

Көкөніс бағасының 8,7%-ке және жеміс бағасының 2,4%-ке маусымдық төмендеуіне қарамастан, жоғарыда аталған факторлардың қысымымен Қазақстанда инфляция 8,9%-ке жетіп, қарқын алуын жалғастырды, - деді Ерболат Досаев.

Оның айтуынша, бір айда ет (1,3%), өсімдік майы (0,6%) және қант (1,1%) бағасының өсуіне байланысты 11,4%-тен 11,5%-ке дейін жеделдеген азық-түлік инфляциясы негізгі үлес қосуды жалғастыруда. Азық-түлікке жатпайтын инфляция қыркүйекте дизель (бір айда 3,8%), газ (0,9%) және көмір (1,9%) бағасының көтерілуі аясында 7,3%-тен 7,5%-ке дейін 0,2 пайыздық тармаққа өсті.

Жанар-жағар майдың бұдан былайғы қымбаттауы және дәнді-дақылдар бағасының өсу ықтималы инфляцияны тұрақтандыруға айтарлықтай тәуекел тудырады, деп атап өтті ол.

Досаевтың пікірінше, сыртқы инфляциялық ауанның, әсіресе Ресей Федерациясы сияқты негізгі сауда әріптестері болып табылатын елдердің инфляциялық аясының нашарлауы инфляциялық қысымның қосымша көзі болып табылады.

Мұндай жағдайларда монетарлық емес факторларды тұрақтандыруға бағытталған Инфляцияға қарсы ден қою шараларының кешенін тиімді іске асыру 2021 жылы инфляцияны дәліздің жоғарғы шегі 7,5-8,5%-ке қайтаруы тиіс. Өз тарапынан, Ұлттық Банк сыртқы нарықтар мен ішкі ахуалға жан-жақты талдау жасау негізінде дезинфляциялық ақша-кредит саясатын жүргізуді жалғастырады.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: