Күзде иммунитетті көтеретін ең маңызды элемент аталды
Pixabay
Магний әрдайым жүйкесі жұқа, тез шаршайтын адамдарда жетіспейді.
Иммунитетті көтерудің маңызды элементі – минерал, ол күзде денсаулықты сақтауға көмектеседі деді дәрігер, деп хабарлайды zakon.kz.
"Магний организмде жүретін 300-ден астам химиялық реакцияларға қатысады. Егер магний деңгейі төмен болса, иммундық жүйеге жауап беретін қалқанша безінің жұмысы ақсап, кортизол және адреналин нашар шығарылады. Егер магний аз болса, жасушааралық кеңістік артық сұйықтықпен толтырылады, бұл ісіну, артық салмақ және целлюлитке алып келеді. Сондай - ақ, қышқыл орта сілтіден басым болады, яғни шартты патогендік флораның белсенді өсуі қамтамасыз етіледі",-деді медицина ғылымдарының кандидаты, диетолог Римма Моисенко Sputnik радиосына берген сұхбатында.
Оның айтуынша, магний тапшылығы күзде, маусымдық инфекциялардың таралуы кезінде өте қауіпті. Дәрігер атап өткендей, егер жаз ыстық болса, қауіп арта түседі.
Ауа температурасы жоғары жаз жақында ғана аяқталды, біз терлеу кезінде көп магний шығандадық. Магнийдің азаюы күз келгенде және ауру кезеңі басталған кезде иммундық реакцияның төмендеуіне әкеледі, - деп атап өтті Моисенко.
Дәрігер денеде магний жетіспейтінін қалай түсінуге болатынын айтты.
Магний әрдайым жүйкесі жұқа, тез шаршайтын адамдарда жетіспейді. Сіз қан анализін қолдана отырып, ағзадағы магний деңгейін дәл анықтай аласыз, - деп атап өтті.
Ол сонымен қатар ағзадағы магний деңгейін жоғарылатудың әртүрлі жолдары бар екенін атап өтті.
Англиялық магний тұзы, магний ванналары, магний қоспалары бар. Магний көптеген тағамдарда кездеседі, мысалы, жаңғақтар, жидектер, көк шай, дәндер және қауында.
Бақытжан Отарбаева
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript