Жаңалықтар тізбегі
0

Елорда мектептерінде 300-ден астам сынып карантинде

zakon.kz, сурет - Zakon.kz жаңалық 12.10.2021 21:01 zakon.kz
Қалада КВИ бойынша эпидемиологиялық жағдай қолайсыз болып отыр.

Нұр-Сұлтанның бас мемлекеттік санитарлық дәрігері Сархат Бейсенова қазір 88 елордалық мектептің 300-ден астам сыныбы коронавирусқа байланысты карантинде жатқанын ОКҚ брифингінде айтты, деп хабарлайды zakon.kz.

Сархат Бейсенова қыркүйек айында тамыз айының көрсеткіштерімен салыстырғанда ауру 3,5 есе төмендегеніне қарамастан, қалада КВИ бойынша эпидемиологиялық жағдай қолайсыз болып отырғанын хабарлады.

Қала әлі де қызыл аймақта. Қалада тәулігіне КВИ жұқтырудың 200-280 жаңа жағдайы тіркелуде. Қыркүйек айында жұқтырған балалардың үлес салмағы 16 %-дан 24,3% - ға дейін, жасөспірімдердің үлес салмағы 2,5%-дан 5,4%-ға дейін өсті. Науқас балалардың үлесі 2,3-тен 20%-ға дейін өсті. Оқу жылының басынан бастап 2232 оқушы коронавируспен ауырды. Бұл барлық сырқаттанғандардың 19,6%-ы және оқушылардың жалпы санының 1%-ы, деді спикер.

Оның мәліметінше, эпидпроцесске қаланың 125 мектебінде 1237 сынып қатысты.

Бүгінгі таңда 1526 оқушы сауығып, мектепке оралды. Қазіргі уақытта 88 мектептің 303 сыныбы карантиндік шараларды жалғастыруда. КВИ жағдайларының ең көп саны 3-8 сынып оқушылары арасында байқалады. Бұл 963 жағдай немесе оқушылар арасындағы жалпы сырқаттанушылықтың 43%-ы, - деп түйіндеді Бейсенова.

Бақытжан Отарбаева

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: